mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Н.Назарбаев: «И.Ильин мен үшін чемпион болып қала береді»

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралау кезінде ауыр атлетші Илья Ильинмен әңгімелесті. Әңгімелесу барысында мемлекет басшысы: «Мен өзіне де айтқанмын, сен мен үшін чемпион болып қала бересің», – деді. Қазіргі уақытта Ильин АҚШ-та спорт менеджменті бойынша білім алуда. Сонымен қатар бос уақытта ауыр атлетикамен айналысатындарға шеберлік дәрістерін өткізеді. Еске салсақ, 2016 жылдың 23 қарашасында Илья Ильиннің басы допинг дауына қалып, ХОК оның 2008 және 2012 жылғы Олимпиадаларында алған екі алтын медалінен айыратынын хабарлаған-ды.

(15)