mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жоғары балл жинағандар неліктен грант ала алмады?

Бұл сауалға ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова: «Грантқа қатысты бізге түскен арыз-шағымдардың бәрі қаралды. Себептерге келсек, біріншіден, биыл грантқа түсу балы өзгерді. Олар әлі де 100 ең жоғары балл деп ойлайды. Сонымен бірге, түлектердің қайда өтініш бергені және онда конкурс қандай екені де маңызды. Талапкерлер техникалық мамандықтарға назар салмастан, бұрынғысынша экономикалық және заң факультеттерін, құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, жалпы медицина, қаржы, маркетинг мамандықтарын таңдап жатыр. Ал бұл бағыттарға басымдық берілмеген және елімізде мұндай мамандар жеткілікті. Біз қаншама жылдан бері техникалық мамандық таңдаңыздар деп айтып келеміз. Қазір инженерлерге деген сұраныс өте жоғары. Ал «Алтын белгі» иегерлерінің саны тым артып кеткеніне келсек, оны олар ҰБТ қорытындысы бойынша емес, жеке емтихан тапсырып алды. Сол жерде мектеп шешім шығарып отырды. Министрлік «Алтын белгі» алған түлектер оқыған мектептерді тексеретін болады. Биыл грант саны 4 пайызға артып, 1487 грант қосылған. Бұл — «Алтын белгі» иегерлерінің білімі жоғары екенінің көрсеткіші. «Алтын белгі» иегерлері де грантсыз қалмайды. Сондықтан Республикалық комиссия оларға университеттер, Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі есебінен грант бөлу туралы шешім шығарды. Министрлік заңнаманы өзгерту бойынша жұмысты ары қарай жалғастырады. Келесі жылы гранттар ҰБТ қорытындысы мен жеңілдіктер бойынша ғана («Алтын белгіні» есепке алмағанда) бөлу жоспарланып отыр», — деген түсініктеме берді.

(192)