mm
Халықаралық "Қазақстан-Zaman" қоғамдық-саяси газетінің журналисі. Отбасы, білім, мәдениет-өнер бөлімдеріне жауапты.

Бір басында бес әйел

Мына бiздiң ауылда
Әлiбек деген кiсi бар.
Ал ендi осы кiсiнiң
Қилы-қилы iсi бар.

Бiр басында бес әйел,
Яғни, бес құсы бар.
Бiр әйелi Ырғызда,
Бiр әйелi Қырғызда.

Бiр әйелi колхозда,
Бiр әйелi совхозда,
Бiр әйелi подхозда,
Бiр әйелi қолында,
Тұрғысы жоқ оның да.

Сөйтiп, бiздiң Әлiбек:
«Опасыз бұл пәни», — деп,
Жатып алып жан-жаққа
Жолдап жатыр алимент.
Оспанхан Әубәкіров

(41)