Димашқа қытайлар студия сыйға тартты

Димаш Құдайбергенов өзінің жеке парақшасына «Бейжің. Студияда дайындық үстінде. Бірер сағаттан соң Шанхай қаласына жолға шығамын! Тәтті төсегіне жататындарға қайырлы түн!» — деп жазды. Димаштың студиясын көрген әріптесі Мәдина Сәдуақасова «Димаш, мынау не деген студия! Осындай фото, видео көбірек салшы», — деп өз пікірін білдірген. Ал Димашқа бұндай қымбат студияны Қытайдағы Singer жобасында тәлімгері болған Лауре Шенг туған күнінде сыйға тартқан болатын. Қазақстандықтар Димаш өнеріне тәнтіміз деп ауызбен мақтан тұтқанша, қытайлардан үлгі алса игі.

(72)