Аралас жекпе-жек: Қайрат Ахметов чемпиондық белбеуінен айырылды

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қайрат Ахметов спорттық мансабында бірінші рет жеңіліс тауып, ONE Championship нұсқасы бойынша белбеуінен айырылып қалды. Оның қарсыласы Interim ONE Flyweight World Champion белбеуінің иегері Адриано Мораеш болды. Олардың жекпе-жегі барлық бес раунд бойына созылды. Қорытындысында төрешілер бірауыздан шешім қабылдап, жеңісті Мораешке берді. Осылайша, бразилиялық Ахметовты реванштық кездесуде жеңді, ол 2015 жылдың қарашасында қазақстандыққа титулын беріп қойған еді. Ахметов спорттық мансабында 23 рет жеңіске жеткен болатын. Мораеш 16 жекпе-жекте жеңіске жетіп, 2 рет жеңілген.
Ермек Сахариев

(26)