Актриса Айнұр Ильясова бесік тербеткендерді жиды

Актриса Айнұр Ілиясова НТК арнасының “Ревю” бағ-дарламасында берген сұхбатында дүниеге сәби әкелгеннен кейін миллиондаған жас аналар сынды   күйзеліске  түскенін,  жүйкесі тез сыр  беріп, тым ашушаң болып кеткенін  айтып өтті.  «Депрессия  екенін  түсінгенде оны шақырып, ал келе ғой маған қарай. Ал, депрессия, саған не керек,  бәрі  жақсы ма? Менде бәрі жақсы дейсің.  Ешкім естімес үшін көлікке отырасың да, айқайлап аласың. Сосын бәрі шығады», — дейді ол. Қайнаған тіршіліктің ортасында жүріп үйренген актриса декреттік демалыста да қол қусырып отырмай, бесік тербеткендерді жиып, «Бөпе-Fair» атты жас аналар кешін ұйымдастырды. Өнер мен өмірін қатар алып жүретін Айнұрдай  жас аналарымыз көбейе берсін деп тілейік!

(37)