КАВКАЗ ХАЛҚЫ БИЛЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ

Ақтауда «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мұрындық болуымен «Кавказ халқы билерінің фестивалі» өтті.
Фестиваль әлем халықтарының барлық билерін бағындырған кемеңгер биші Махмуд Эсамбаевтың құрметіне орай ұйымдастырылған.
Шарада «Настроение», «Шадвал», «Альтаир», «Нұр» және «Жорға» би ансамбльдері өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Ислам Музаев, «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің мүшесі Армен Саакян, «Самур» лезгин этномәдени бірлестігінің мүшесі Марина Байрамова әуезді ән айтып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Бір шаңырақ астындағы ұлттар татуластығы бұл фестивальде айқын көрініс тапты.

(18)