mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Туристік сұраныс 70-80 пайызға құлдырады. Неге?

Бұл сауалға Қазақстан туризм ассоциациясының директоры Рашида Шәйкенова: «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту  Концепциясы» бойынша ел туризмі қазір дамудың 1-кезеңін өтіп жатыр. Мәселен, саяхат пен туризмдегі бәсекелестік деңгейі бойынша жасалған әлемдік рейтингте біз өткен 2015 жылы 141 елдің ішінде 85-орынға табан тірегеміз. Төс қағып мақтанарлықтай ешнәрсеміз болмаса да, осының өзінен-ақ ел туризмінде баяу болса да алға басушылық бар екенін көруге болады. Рас, біздегі туризм саласында жылдар бойы шешімін таппай, қордаланып жиналып қалған күрделі мәселелер жетерлік, мұны мойындауға тиіспіз. Бұдан басқа индустрия және туризм департаментінің ішкі проблемалары да тобықтан қағып, адым бастырмай тұрғанын жасырудың керегі жоқ. Өткен жылдың аяғы мен биылғы жылдың басында туристік сұраныс 70-80 пайызға құлдырап кетті. Бұған ең алдымен теңгенің құнсыздануы ықпал еткені анық.

Нарық даму үстінде, онда айтарлықтай оң нәтижелер бой көрсетіп отыр. Сондықтан қазіргі таңда туризмнің мәртебесін сөзсіз көтеру керек деп санаймыз. Мейлі, министрліктен дәметпей-ақ қоялық, бірақ ол орган департамент емес, тым құрыса Индустрия және туризм комитеті болуы қажет.

Соның салдарынан тұтынушылық сұраныс деңгейі төмендеп кетті. Дегенмен, адамдар демалыс маусымы басталғанда ақырындап компанияларға қайтып оралып, өздерінің демалыстарын қалай ұйымдастыруды ойластыра бастады. Соның әсерінен сұраныс 40 пайызға дейін артты. СІМ-нің елімізге визасыз кіруге байланысты пилоттық жобаны енгізуі елге сырттан келетін туристер санының өсуіне оң ықпал етті. Содан да болар, сырттан келетін туристер санының артуы бойынша динамика байқалғанмен, бөрікті аспанға лақтырып мақтанатындай деңгейде емес. Десе де, еліміздің туризм картасында жаңа елдердің атаулары пайда бола бастады, әсіресе экотуризм саласында. Ондайлар елге аз уақытқа келеді, айталық, бір қалада жарты күн аялдап, оны аралап тамашалағаннан кейін әрі қарай Қазақстан аймақтары бойынша саяхаттап кетеді. Олар осылайша еліміздің өңірлерінің табиғи ресурстарымен және мәдениетімен танысады. Алматы қаласындағы біздің ақпараттық орталықтың мәліметіне жүгінсек, әлгіндей жаңа пайда болған елдер қатарында Норвегия, Словения, Аргентина, Сербия, Финляндия, Испания, Франция, Германия, Нидерланды, Жапония сынды мемлекеттердің азаматтары бар. Бір айта кетерлігі, бұрындары жапондықтар біздің елге аттап аяқ баспайтын-ды. Қазір бізге келетіндердің ішінде олардың да қарасы едәуір. Сырттан келгендерді көбінесе Маңғыстау облысының тарихи жәдігерлері мен мәдени ескерткіштері қатты қызықтырады. Бұл осы өңірдегі туризм және кәсіпкерлер басқармасының өз аймақтарын жақсы жарнамалауының арқасында мүмкін болды десек, артық айтқандық болмайды. Сөйте тұра, бүгіндері туристік нарық алдағы жылдармен салыстырғанда сырттан келетіндер санының күрт артпағандығына көз жеткізеді. Оның басты себебі, экотуристер турфирмаларға бармай, өз беттерімен саяхат жасайды. Тек біздің мемлекетке келгеннен кейін ғана ел ішінде саяхат ұйымдастыру қызметіне жүгінеді. Біздің ел үшін бүгінде туристік сегменттің қайсысы табыс табатынынан гөрі туристердің біздің елге ат басын бұрып, қазынаға ақша түсіруі маңыздырақ. Туристерді көп жағдайда өңірлердегі қонақүйлер қызықтырады. Өйткені бұлардың көбі бюджеттік туристер болғандықтан, оларды қалалық экскурсия қызықтырмайды, мұндайлар көбінде аймақтарға шығып, сол өңірдің табиғатын тамашалағанды ұнатады. 2017 жылы біздің елімізде визасыз келетін мемлекеттердің тізімі ұлғайды (48 елге). Былтыр көптеген авиакомпаниялар туристік маусым кезінде Түркияға ұшатын чартерлік рейстерді ұйымдастырды. Біздің отандастарымыз аталған елдегі саяси-әлеуметтік ахуал шиеленісіп, жағдай қатты ушығып тұрғандығына қарамастан, осы бағытты таңдады. Мұның себебін Түркия билігінің аталмыш жағдайды ескере отырып, ең бастысы туризм саласын банкротқа ұшыраудан сақтап қалу үшін, қызмет көрсету саласы мен жолдама және жатын орындар бағасын айтарлықтай арзандатқандығынан іздеген жөн сияқты. Шын мәнінде, біздің серіктес елдеріміз өз қызметтерінің бағасын тым көтерген жоқ, соның өзі теңгенің құнсыздануы себепті біз үшін қымбатқа түсті. Біздің сыртқы туризм картасында жазда демалатын Түркиядан басқа жағажайлы Болгария, Ыстықкөл, Испания мен Италия сынды елдер бар. Бірақ бұлар визалы мемлекеттер болғандықтан, бұларды жаппай туристік елдер дей алмаймыз, әрине. Ал күзгі және қысқы демалыс маусымын өткізетін елдерге келсек, олардың қатарында әдеттегідей Таиланд, Малайзия, Қытай тұр. Бұл бағыттар бойынша чартерлік бағдарламалар, жүйелі авиарейстер бар. Бұрындары бізге Астанадан Finnar авиакомпаниясы ұйымдастырған чартерлер ұшса, биылғы жылы біздің финн серіктестеріміз Алматыдан Киев арқылы бір рет ауысып отырып ұшатын ыңғайлы логистика ұсынып отыр. Оны МАУ авиакомпаниясы ұйымдастырмақ. Соған қарағанда, уақыт өте келе аталған бағыт өзінің тұтынушыларын тауып, балалар мен шаңғы тебуді ұнататындардың Санта Клаус отанына баруына зор мүмкіндік туатын сынды.

Жалғыз
ассоциациямен алысқа бармаймыз

Дегенмен, ел туризмі қарқынды дамуы үшін жалғыз ассоциацияның әрекет етуі жеткіліксіз, оған мемлекет тарапынан да қарымды қолдау қажет. Өкінішке орай, аталған салаға жауапты шенеуніктер сөз жүзінде бұл саланы дамытуды қолдағанымен, іс жүзінде шырпы басын сындырмайды. Әрі кетсе бізді азаматтарды шетелдерге демалуға жіберіп, ақшаны сыртқа шығарудың керегі жоқ деп «ұялтумен» ғана шектеледі. Бұл көзқараспен алысқа бармасымыз кәміл, өйткені туристік нарық — Қазақстан азаматтарының сұраныстарын қанағаттандыратын нарық. Егер қазақстандықтар шетелдерге демалу, емделу, оқу, денсаулығын түзеу мақсатымен шығып жатса, оларда осындай мәселелер бар деген сөз ғой. Бұл оларға өмірлік қажеттіліктен туындап отырса, онда мұндай азаматтарға шетелге аттап аяқ баспа деп қалай тыйым салуға болады? Бұл мәселені шешудің жолы емес қой. Түйінді мәселені шешу керек болса, мемлекетке бұл салаға құр сөзбен қолдау көрсетпей, іс жүзінде көмек көрсетуге көшу қажет дер едік. Бүгін біздің саланы реттейтін мемлекеттік органның мәртебесі — департамент. Шетелдік турист үшін тайталасқан бәсекелестік тартыста өз орнын ойып алуға тырысып отырған мемлекет үшін бұл тақияға мүлде тар келетін деңгей әрі мәртебе. Департамент Инвестиция және даму министрлігінің құрамына кіреді, бар мәртебесі сол ғана. Оны жапса, департамент бар ма, жоқ па, мүлде белгісіз болып қалмақ. Сондықтан біздің департаменттегі кадрлық саясат мүлде түсініксіз деп санаймын, өйткені кәсіби кадрлар жұмыстан кетіп, үнемі басшылық ауысады, жұмыста тұрақтылық жоқ. Әлбетте, біз мемаппаратты ұлғайтып, ол біздің саланы реттеуді қолға алсын деп отырған жоқпыз. Нарық даму үстінде, онда айтарлықтай оң нәтижелер бой көрсетіп отыр. Сондықтан қазіргі таңда туризмнің мәртебесін сөзсіз көтеру керек деп санаймыз. Мейлі, министрліктен дәметпей-ақ қоялық, бірақ ол орган департамент емес, тым құрыса Индустрия және туризм комитеті болуы қажет. Біздің ұйым 1998 жылы құрылған. Оның құрылтай конференциясына еліміздің Президенті Н.Назарбаев қатысып, бізге ақ батасын берген. Содан бері жұмыс істеп келеміз. Өткен ғасырдың 90-жылдары «туризм, бұл — экономикалық сала, яғни біз ақшаны жейтін бюджетке қарағандар емес, керісінше, ақша әкелетін кәсіппіз» деген түсінік болған-ды. Сондықтан қазіргі күні әлемдік қаржы дағдарысы кезеңінде, экономиканы диверсификациялау керектігі мен арзан жұмыс орнын құру қажет кезде біздің саламыздың маңызы арта түседі. Ендеше, аталған саланы реттейтін меморган да салмақты болуы тиіс», — дейді.

Дайындаған —
Ермек Сахариев

(12)