mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Әлеуметтік қызметке ие болғың келсе, талапты орында!

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова: «Жоғары оқу орнында әлеуметтік қызметкер мамандығын таңдаған талапкерге жаңа талап қойылады. Енді ол оқуға түспес бұрын міндетті түрде ерікті болып жұмыс істеуі шарт. Яғни ол әлеуметтік қызметкер атанбас бұрын, осы деңгейден өтуі тиіс. Тәжірибесі болу үшін ол арнайы курстан өтіп, медициналық-әлеуметтік мекемелерде жұмыс істеп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды күтуі қажет»,— дейді. Ал, әлеуметтік қызметкер дегеніміз — жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсететін маман. Олар әкімшілік жанынан құрылған әлеуметтік қызмет орталықтарында, ауруханада, мемлекеттік органдарда, психатрияларда, маскүнемдік пен есірткіге тәуелділіктен оңалту орталықтарында және ЖОО-да оқытушы болып жұмыс істейді. Ал мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер балалардың әлеуметтік қамсыздануына бағалау жүргізеді және адамдардың мемлекеттік жәрдемақы алуын қадағалайды.

(0)