mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Құрттаған су, желге ұшқан миллиардтар

Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекет қаржысына жүргізілген су құбырынан құрттаған су ішіп отырған тұрғындар шу шығарды. Жергілікті билікке шағым түсірілгенімен, ол сағызша созылып келеді. Енді қараша халық жанайқайын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жаяу барып жеткізбек болып отыр. Шудың шығуына Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында құрылысы осыдан жеті жыл бұрын басталған ауызсу жүйесі себеп болып отыр. Оған төрт млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған, алайда құрылыстың шарапатын халық көре алар емес. Ешбір сүзгіден өтпеген суды халық тұтынуға мәжбүр. «Балшық та бар онда, ұлы сөздің ұяты жоқ, адамның қиы да бар»,— деп отыр. Талай есікке телміріп, амалы таусылған халық ел тұтқасын ұстайтын жас ұрпақ үшін алаңдаулы.

(15)