mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қысқа да нұсқа (11.08.2017)

*2017 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 1,3%-ға өсті, ал абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату өзгеріссіз қалды. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,5%-ға жоғары болды.

* ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры Арман Мәмбетаев: «Қазақстан аумағынан макулатураны шетке шығаруды 6 айға дейін шектемекпіз. Бұл ұсынысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, кәсіпкерлер де қолдап отыр. Шектеу шарасы күзге қалдырылды. Қазіргі таңда компанияларда макулатура тапшылығы қатты сезіліп тұр. Сондықтан экспортты шектеу қажетті шара»,— дейді.

*Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов: «2018-2022 жылдары оңтүстік облыстардан солтүстік өңірлерге 59 мың отбасы қоныс аудару жоспарланған. Оларға мемлекет тарапынан тиісті көмектер қарастырылады, атап айтқанда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы қоныс аударушыларға тұрғын үй несиесі мен субсидияларды беру жүйесі, қоныс аударушыларға ауыл шаруашылығымен айналысу үшін өтеусіз пайдалану құқығында конкурссыз жер телімдерін беру қарастырылады»,— деп мәлімдеді.

*ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова: «2018 жылдың 1-і шілдесінен бастап, азаматтардың 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін және 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесіндегі еңбек өтіліне байланысты есептеледі. 2018 жылдың 1-і шілдесінен 2,1 млн зейнеткер үшін базалық зейнетақы 1,8 есеге жоғарылайды»,— деп түсіндірді.

*Тағы да сол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер: «Егер жұмыскердің өзінің 1998 жылдан аударатын міндетті зейнетақы жарнасының сомасы, жұмыс берушілердің 2014 жылдан жасайтын жарнасы және ерікті зейнетақы аударымдарының сомасы зейнетақы аннуитетін сатып алуға жеткілікті болса (ер адамдарға — 7 098 035 теңге, әйелдерге – 9 890 035 теңге), онда ол азамат зейнетке 50 жасында шыға алады»,—дейді.

* Астананың Алматы аудандық № 2 соты экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімін 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін ұзартты. 8 айға жуық министр болған кезінде ірі көлемде пара алған деген айып тағылған күдікті Қ.Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалған болатын.

*ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев: «Қазақстанда допинг қолданған спортшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Заң жобасы бойынша, допинг қолданған спортшы ұлттық құрама сапынан шеттетіледі. Сонымен бірге, ол үкімет тарапынан берілген барлық сыйақы, пәтер және қаржылай төлемдерді қайтаруы керек болады»,— деп мәлімдеді.

(4)