mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қос алпауыттың егесінен теңгеге қауіп төнбесін…

Білікті мамандар: «Алдағы уақытта да доллар құны тоқтаусыз өсе беретін сыңайлы. Бұған арзан мұнайдан бөлек, АҚШ-тың Ресейге салып жатқан жаңа санкциялары себеп болуы ғажап емес»,— деген болжам жасайды. Ақ үй қожайыны тиісті жарлыққа бірер күнде қол қояды деп күтілуде. Құжатқа сәйкес, енді америкалық бизнесмендерге Ресей банктерімен келісім жасауға шектеу қойылған. Бұған дейін қаржыландыру уақыты 90 күн болса, енді ол 14 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, Ресейдің энергетикалық компанияларымен де арадағы келісім үзілмек. Конгресмендер Арктикадан мұнай өндіретін жаңа жобаларға керекті құрал-жабдық сатуды тоқтатып, егер Ресейге өнімнің 33 пайыздан көп бөлігі тиесілі болса, мүлдем қызмет көрсетпеу керек деп отыр. Мұнайға тәуелді Ресей экономикасына бұл айтарлықтай соққы болары сөзсіз. Ал Мәскеуге салынған санкцияның салқыны Қазақстанды да айналып өтпейтіні бұған дейін дәлелденген.

(11)