mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қордағы 15 миллиард теңге қайда кетті?

КТК арнасының хабарлауынша, жұрттың кәрілікке деп жиған 15 миллиард теңге қаржысын инвестициялаған 5 компания тақырға отырған. Қор басшылары банкротқа ұшыраған кәсіпорындардағы ақшаның кері қайтпайтынын ашық айтқан көрінеді. Тіпті бұдан бөлек тағы 25 миллиард теңгенің де тағдыры қыл үстінде тұр деседі. Оны қайтаруға тиіс 16 дефолттық компанияны зейнетақы қоры сотқа берген. Ал Әзірбайжан банкіне аударылған 71 миллиард теңгеге қатысты екіжақты келісім алдағы айда аяқталмақшы. Талан-таражға түскен 5 миллиард, Әзірбайжан банкіне құйылған 71 миллиард, істі болып жатқан қор басшылары, міне, осының бәрі тұрғындардың еліміздегі зейнетақы жүйесіне деген сеніміне селкеу түсіргені анық. Тақырға отырған Әзірбайжан банкіндегі 71 миллиард та әзір қайтпайды. Бұл елдің билігі берешекті мойнына алғанымен, оны өтеу мерзімі 2032 жылға дейін созылмақ. Ал қарыздың құрылымын қайта қарау қыркүйекте аяқталады. Мамырдан бастап зейнетақы қорының 300-дей қызметкері қысқартылған. Қазір елде оның 231 бөлімшесі бар. Алдағы уақытта олардың саны тағы да азайтылмақ.

(28)