mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Түркия: Шекарадан заңсыз өткен 975 адам ұсталды

Түрік шекара сақшылары Сирия, Болгария, Грекия және Ирак елдерінен Түркия аумағына заңсыз өтуге әрекеттенген 975 адамды ұстады. Бұл жайлы Түркия қарулы күштерінің бас штабына сілтеме жасаған «Анадолы» агенттігі хабарлайды. Сириямен шекарада жүргізілген тексеру жұмыстары барысында 15 980 қорап сигарет, аң аулайтын мылтық түріндегі контрабандалық заттар тәркіленген. Операция барысында Хаккаридегі Шемдинли ауданында үш, Мардиннің Қызылтепе ауданы мен Ширнактағы Силопе аудандарында бір-бірден қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар жойылды.

(6)