mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ольганың алтынға бергісіз қоласы

Шығыс Қазақстан облысының тумасы, әйгілі спортшы Ольга Рыпакова Лондонда өтіп жатқан XVI әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Үш қарғып секіруден әйелдер арасындағы финалдық бәсекеде ол ең сәтті болған үшінші мүмкіндігінде 14,77 метрге секірсе, Колумбияның мақтанышы, Рио Олимпиадасының чемпионы һәм екі дүркін әлем чемпионы (Мәскеу-2013 және Бейжің-2015), сондай-ақ 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Катрин Ибаргуэн өзінің үшінші мүмкіндігінде 14,89 метрді бағындырды. Ал, Венесуэла аруы Юлимар Рохас бесінші мүмкіндігінде 14,91 метрге секіріп, Лондондағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Жасы 22-ге енді ғана толатын су жаңа әлем чемпионының алар асулары әлі алда екені даусыз. Басқа қыздар бұл үштіктің шаңына да ілесе алмай қалды.

(12)