mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Министрлік жұмысы Сағынтаевқа неге ұнамады?

Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында баяндама жасаған ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов: «Министрлік 2017-2021 жылдары Өнімді еңбек және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда шағын несиелеуді, шағын қаржылық ұйымдар мен кредиттік серіктестер бөлетін шағын несиелерді кепілдендіруді жүзеге асырады. Бұл мақсатқа бюджеттен 27 млрд теңге бөлінген. Оның 11 млрд теңгесі Аграрлық кредиттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күні Аграрлық кредиттік корпорация бөлінген 11 млрд теңгенің 5,2 млрд теңгесін немесе 45 пайызын игерді. Қаржыны игерудегі ең жоғары көрсеткіш Ақтөбе облысында (86 пайыз), Павлодар облысында (84). Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында небәрі 15 пайызды құраса, Маңғыстау облысы игеруді бастаған да жоқ»,— деді. Бас уәзір Б.Сағынтаев кадр таңдау жұмыстарында кемшіліктің болғандығын атай келе: «Демек, біз талап ететін көлемде өз міндетін орындай алмайтын кадрлар іріктеп алынған. Бұл жаман, кім көрінгенді жұмысқа аласыздар»,— деп, министрлік қызметіне көңілі толмайтындығын жеткізді.

(10)