mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Испания: Халық туристерге неге қарсы?

Маусымда жүргізілген соңғы сауалнама бойынша Барселона тұрғындарын алаңдататын басты проблема туризм саласы екен. Туризмді дамыту экономиканың тиімді саласы болып саналатындықтан, көптеген елдер туристерді көптеп тартуды көздейді. Қазақстан да оны негізгі басымдық ретінде қарастырып келеді. Алайда, бүгіндері туристік индустриясы жақсы дамыған елдерде туризмнің пайдасынан зияны көп деген көзқарас қалыптаса бастаған сыңайлы. Мәселен, Испанияда туризмге қарсы адамдар наразылық акциясына шығып, шетелдік саяхатшыларды қууға әрекеттеніп жатыр. Наразылық акциясына шыққандардың көп бөлігі Arran Jovent радикалды жастар қозғалысының белсенділері деседі. Олар: «Туристер Каталония халқын қиын жағдайға қалдырып отыр. Шетелдік саяхатшылардың кесірінен елді қымбатшылық жайлап, жергілікті тұрғындардың тұрмысы қиындап барады. Туризм саласы жұмысшы табының қайыршылануына алып келеді. Біз капитализмге қарсымыз. Ол жүйені жоюды қалаймыз. Туристік индустрия болса, осы жүйенің бір бөлігі», — деп мәлімдейтін көрінеді. Ал жергілікті билік туризм саласы Испания экономикасына қыруар қаржы құйып отырғандықтан, бұрынғыдай туристерді қабылдай беретінін мәлімдеп отыр.

(14)