mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Израиль: «Әл-Жазира» неден жазып қалды?

Израиль Иерусалимдегі катарлық «Әл-Жазира» компаниясының кеңсесін жауып, журналистердің аккредитациясын кері қайтаратынын мәлімдеді. Израиль билігі «Әл-Жазира» телеарнасын хабар тарату кезінде объективті пікір ұстанбады деп айыптауда. Израильдің ақпарат министрі Аюб Қара: «Елдің кабелді операторлары «Әл-Жазираны» өз пакеттерінен алып тастауға келісіп отыр. Ал телеарнаның Иерусалимдегі бюросын жабу үшін заңға өзгерістер енгізу керек. Жалпы, соңғы уақытта біздің өңірдегі барлық елдер: Сауд Арабия, Иордания және Мысыр «Әл-Жазираның» терроризм мен Парсы шығанағындағы мемлекеттерде діни экстремизмді қолдап отырғанын мойындады. Біз осы елдермен діни, саяси, экономикалық және әскери келісімдер жасау үшін саммит өткіземіз»,— десе, өз кезегінде бұл айыптауды жоққа шығарған «Әл-Жазира» өкілдері: «Біз ақпаратты арандатушылық мақсатында таратпаймыз. Жалған жаладан құтылу үшін телеарна өз құқығын сотта қорғайтын болады»,— деп мәлімдеп отыр. «Әл-Жазира» телеарнасының кеңселері біраз уақыт бұрын Иордания, Сауд Арабиясында жабылған. Ал Мысырда телеарнаның сайты бұғатталды. Осыған дейін Араб елдері Катарды терроризмге қолдау білдірді деп айыптап, Дохаға қарсы санкциялар салған. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов тараптарды сабырға шақырып, мәселені дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін мәлімдеді.

(13)