mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бас уәзір Президентке есеп берді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ел Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесу барысында мемлекет басшысына биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша үкіметтің атқарған жұмысы жөнінде есеп берілді. Мемлекет басшысы еліміздің экономикалық даму көрсеткіштері өсіп келе жатқанын атап өтіп, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды одан әрі іске асырудың маңыздылығын тілге тиек етті. Кездесу қорытындысы бойынша бас уәзірге бірқатар тапсырмалар берген Елбасы сөзін: «Менің тапсырмам бойынша еліміздің бірнеше өңірін аралап шықтыңыз. Жалпы, тұрақты ахуал байқалуда. Алдымызда егін ору науқаны тұр. Оны тиісті деңгейде жүргізуіміз қажет», — деп аяқтады.

(10)