mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Базалардағы қосарланған мәліметтерге кім кінәлі?

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин өзінің Фейсбуктегі парақшасында: «Елімізде әкімшілік айыппұлдарды дұрыс есепке алу мәселесінде үлкен проблема бар. Менімен жүзге жуық адам базаларда қосарланған мәліметтердің бар екендігін айтып, байланысқа шықты. Бұған қоса, төлем жасалғанымен, айыппұлдың базада әлі тұрғандығына қатысты шағым да көп. Біз, прокурор ретінде басқа да фактілерді анықтаймыз. Мәселен, тұлғаларға жазылған хаттамалар мәліметтер базасына дер уақытында енгізілмейді немесе қатемен енгізіледі не болмаса жоғалып кетеді… Сондықтан барлық әкімшілік жазалардың үлгілік базасы болуы тиіс, сол себепті біз әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімін құру туралы шешім қабылдадық. Ал олардың барлығы дерлік қазіргі уақытта мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында туындайды. Соны ескеріп, біз алдағы уақытта әлгіндей әрбір орталықтарда тұрақты түрде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен әкімшілік айыппұлдар жөніндегі өкілетті прокурордың болатындығы туралы шешім қабылдадық. Бұл қазіргі уақытта мәселе туындап жататындарға көмек береді деп ойлаймын»,— деп жазады.

(7)