Ыстық салат

Құрамы: 200 грамм макарон;
1 дана қызыл болгар бұрышы;
200 грамм саумалдық;
200 грамм саңырауқұлақ;
100 грамм үрмебұршақ;
1 бума көк пияз;
2 ас қасық зәйтүн майы;

Тұздық құрамы:
1 дана сарымсақ;
1 ас қасық алма сірке суы;
3-4 ас қасық лимон шырыны;
1 шай қасық зире;
2-3 дана грек жаңғағы;
Дайындалуы:
Макаронды суға қайнатып пісіреміз. Көк пиязды, саңырауқұлақты және болгар бұрышын, саумалдықты тураймыз.
Зәйтүн майына пияз бен болгар бұрышын салып, қуырамыз. Содан соң саумалдықты салып, 1 минуттай қуырамыз.
Бөлек табаға саңырауқұлақты қуырып аламыз. Үрмебұршақты алдын ала пісіріп алған жөн. Барлық қоспаларды макаронмен араластырамыз. Тұздықтың да барлық қажетті өнімдерін араластырып, салаттың бетіне құямыз.

(6)