mm
Халықаралық "Қазақстан Заман" газетінің Астана қаласындағы тілшісі.

САЛҒАНДА «САРЫКЕМЕР САРЫНЫНА»…

Астаналықтар мен қала қонақтары, тіпті, шетелдік туристер алдында ұлттық өнеріміздің шын жанашыры әрі заңды мұрагері екендігін Жамбыл, Байзақ, Тұрар Рысқұлов аудандарының және Тараз Мемлекеттік Пе-дагогикалық институтының өнер ұжымдары тағы бір дәлелдеді. Концерт барысында бабаларымыздан аманат болған терме мен толғауларды «ЭКСПО қонақтарына» тарту еткен «Сарыкемер сарыны» фольклорлық тобының жетекшісі Өнербек Нұрбаевты әңгімеге тартқан болатынбыз. Бір байқағанымыз, Байзақ ауданының сәлемін алып келген аталмыш топ биыл ғана өз жұмысын бастаса да, жезтаңдай әрі тәжірибесі мол өнерпаздардан құралған екен.
— Біз бірнеше дауыста қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын пайдалана отырып, көнеден жеткен шығармаларды орындаймыз. Домбырадан бастап, шертер, тайтұяқ, тоқылдақ пен сырнай шырқайтын әндеріміздің халықтың жүрегінен жол табуына өз септігін тигізеді деп сеніммен айта аламын. Топтың құрылғанына небары 7-8 ай толса да, алғашқы гастрольдік сапарымыздың Астанадан басталғанына, оның үстіне осындай ауқымы кең «ЭКСПО — 2017» көрмесі аясындағы үлкен іс-шараға дөп түскенімізге шексіз ризамыз. Біздің өнерімізді бағалаған ағайынға халық әндерінен бастап, Сүйінбай ақын, Кенен Әзірбаевтың терме-толғауларын жоғары деңгейде жеткізуге бар күш-жігерімізді салдық, — дейді Ө.Нұрбаев.

(16)