«Мәңгілік ел» жобасы — мектептерде

Биыл республикада 75 жаңа мектеп ашылады. Елімізде 369 мың бала білім ошақтарына 1 сыныпқа барады. Ал ұстаздар саны 325 мыңды құраса, жаңа оқу жылында 10 мың жас маман мұғалімдер қатарына қосылмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Зейнеп Мақсұтова мәлімдеді. «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясының басталуына арналған жиында биылғы акцияның «Менің таңдауым — балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілетіні айтылды. Білім және ғылым министрлігінің берген мәліметіне сәйкес, «Мәңгілік ел» идеясы екі жылда барлық сыныптың бағдарламасына енгізіледі.

(63)