Кәрімовтың қызы тұтқындалды

Өзбекстанда экс-президент Ислам Кәрімовтың қызы Гүлнар Кәрімованы тұтқындады. Бұл туралы ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі басқарма өкілі хабарлады. Кәрімованың үстінен тонау, кеден заңнамасын бұзу, шетелдік валютаны жасыру, сауда ережесін бұзу мен жалған құжаттар жасау істері бойынша қылмыстық іс қозғалды.  «Тергеу мәліметі бойынша, 12 шетелдік мемлекеттерде ұйымдасқан қылмыстық топтардың 1,394 млрд. доллар, 27,1 млн. фунт және 18,5 млн. фунт қаржыға рәсімделген активтері анықталды», — делінген хабарламада.

(11)