Байқоңырдан — ғарышқа

Астана уақыты бойынша 21 сағат 41 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан басқарылатын «Союз МС-05» кемесі «Союз-ФГ» зымыран тасығышымен ұшырылды деп хабарлады ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі. «Союз МС-05» экипажына ресейлік ғарышкер Сергей Рязанский, американдық бортинженер Рэндолф Брезники және италияндық Паоло Несполи кірді. «Союз МС-05» кемесінің ұшырылуы Халықаралық ғарыш бекетінің бағдарламасына сай ұйымдастырылады. Ұшу мерзімі 139 тәулікті құрайды. Қазақстандық және ресейлік мамандар зымыран тасығышын ұшыруға қатысты қауіпсіздік шараларын күшейтті.

(6)