Қой шаруашылығы үшін жайылым жер маңызды

Малшылардың жайылым ауыстырып, көшіп-қонуына қол байлау болып жүргені — киіз үйдің жоқтығы. Қытайдан әкелген темірден жасалған үйлерде киіз орнына палатка жабылғандықтан, өте қолайсыз, жел соқса желпілдеп, қоқыс дастарқанға түседі. Күндіз ыстық, түнде суық, сондықтан киіз үй шығаруды қайта жолға қою мәселесі қаралып, бір жылда 4000 киіз үй шығарсақ, жүн өнімі өтер еді, малшы қауымның көшіп-қонуына жағдай туар еді. Қазір бір-ақ киізден жасалған киіз үйдің құны 500 мың теңге тұрады. Егер 80 пайызын субсидияласа, 100 мың теңге болады екен. Бұған министрліктегілер қарсы емес. Сол сияқты көшпелі қой қырқу пункттерін, қойды дәрілеу мәселесін жақын арада қарап, шешімін табуына атсалысамыз. Келешекте кезек күттірмейтін мәселелер — осылар.
Жайылымды сақтау, оның құнарлылығын арттыру мәселесі күн тәртібінен түспеу қажет. Шөл-шөлейт зонада отырған кейбір шаруалар қысы-жазы көшпейді. Қонысының жан-жағы тап-тақыр, жел соқса, үй-қора шаңнан көрінбейді. Бұл мәселе бойынша ҚР Парламенті мәжілісінің комиссиясының жайылым туралы заң жобасын талқылауына қатысып, өз ойымызды айтқанбыз. Жайылым туралы заң қабылданды. Онда көкейде жүрген көп мәселе шешімін тапқан сияқты, тек қана сол заңның іс жүзіне асуын қадағалап, механизмдерін халық арасында түсіндіру мәселесін жандандырса, дұрыс болар еді. Сол сияқты ендігі кезектегі мәселе жеке қосалқы шаруашылықтар туралы заңды тездетсе, ауылдағы мал да, оның жайлымы да реттелер еді.

 

Біздің палата мүшелері жекелеген өңірлерді аралап, жиналыс өткіздік. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы мамандарының, фермерлердің, шаруа қожалығы басшыларының, ветеринария саласы қызметкерлерінің бізге қойған басты сұрағы бірдейлендіру құралдарының, яғни қойдың құлағына салатын сырғаның жетіспеуі жайлы болды.
Батыс Қазақстан облысына барып, қой шаруашылығы мамандарымен, ғалымдармен жиын өткізгенде: «Асылтұқымды қой статусын алу үшін енді хабарламалар-сараптау жүйесіне үш атасын толтырасыздар. Ол үшін қолдан ұрықтандыру жорналына әр қойдың жеке-жеке қай қошқармен қашқанын сырғасына қарап жазасыздар», — десек, «Не айтып отырсыз? Қыркүйек айы болды, әлі сырға келген жоқ», — деген жауап алдық.
Сол сияқты ветеринария саласына көптеген сындар айтылды. Әсіресе жоспарлы түрде әртүрлі ауруларға қарсы егу үшін вакцинаның уақтылы келмеуі, келген вакцинаның сапасының нашарлығы жайлы мәселе қозғалды. Вакциналар уақытынан кешігіп келуінің басты себебі — оған қаражаттың наурыз айында бөлінуі. Одан тендер өтеді, одан кейін облысқа тасымалдауға, одан соң ауданға тасымалдауға тендер өтеді, содан ауылға жеткенше мамыр айы өтіп, маусым айы басталады. Мұндай уақытта егілген вакцина, керісінше, ауруды қоздырады. Сондықтан қойды жұқпалы ауруларға алдын ала егетін вакциналарды өзімізде шығарса деген тілектер айтылды.
Облыстарды аралап келген соң, Палата кеңесінің мүшелері ақылдаса келіп, республикадағы қой малын өсіру мен өнімдерінің сапасын жақсартудың жаңа нарық қатынасына сәйкес бағдарлама жобасын жасап, республикадағы атақты ғалымдарымыз Ғани Әлімұлы Қалиев, Көпмағамбет Елемесов, Қисметолла Үкібаев, Абдрахман Омбаев, Тілектес Есполов, Серік Оспанов, қой породаларының авторлары, тікелей шаруашылықтармен айналысып жүрген ғалымдарға таныстырдық. Барлығы бірауыздан мақұлдады.
Қой шаруашылығын дамыту бағдарламамыздың жобасын Парламенттің сенат депутаттарына, мәжіліс депутаттарына таныстырдық. Одан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі лауазым иелеріне көрсетіп, мақұлдаттық. Осы жұмысымыз нәтижелі болып, 2017-2021 жылдарға арналған еліміз бойынша ауыл шаруашылығы кешенін дамыту бағдарламасының, мал шаруашылығын дамыту бөліміне басты бағыт ретінде ендіретін болды.

— Қой шаруашылығын дамыту үшін жайылым жердің маңызы өте зор екенін жақсы білеміз. Жаз жайлауы, қыс қыстауы болмаса, мал басы өсе ме, осы мәселеге тоқталып өтсеңіз.
— Иә, бұл — өте дұрыс сұрақ. Жайылымдық жер республикада 186 500 мың гектар, 1990 жылы деградацияға кеткен жайылым көлемі 9 млн. гектар болса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 27 млн. гектарға жетіп жығылды.
Жайылымды сақтау, оның құнарлылығын арттыру мәселесі күн тәртібінен түспеу қажет. Шөл-шөлейт зонада отырған кейбір шаруалар қысы-жазы көшпейді. Қонысының жан-жағы тап-тақыр, жел соқса, үй-қора шаңнан көрінбейді. Бұл мәселе бойынша ҚР Парламенті мәжілісінің комиссиясының жайылым туралы заң жобасын талқылауына қатысып, өз ойымызды айтқанбыз. Жайылым туралы заң қабылданды. Онда көкейде жүрген көп мәселе шешімін тапқан сияқты, тек қана сол заңның іс жүзіне асуын қадағалап, механизмдерін халық арасында түсіндіру мәселесін жандандырса, дұрыс болар еді. Сол сияқты ендігі кезектегі мәселе жеке қосалқы шаруашылықтар туралы заңды тездетсе, ауылдағы мал да, оның жайлымы да реттелер еді.
Былтыр еліміздің өңірлерін аралап жүргенде Атыраудан Орал қаласына жеңіл көлікпен бардық. Сонда жол-жөнекей жүргізушіден:
— Мынау қай ауыл, тұрғындар немен айналысады? — деп сұрадық.
— Елдің күнкөрісі — бетіне қарап отырған бес тасы — мал, бұл ауылдан 6-7 отар қой өреді. Жел соқпайтын, тымық күндері кешке мал келгенде ауылда жарты сағат шаңнан ештеме көрмейсіз, — деп жауап берді.
Егер қосалқы жеке шаруашылық туралы заң шықса, осы мәселелер ретін табар еді. Осындай қой шаруашылығындағы жағдайға байланысты кейбір шаруашылықтар қойын сатып, ірі қара, жылқы шаруашылығымен айналысуға бет бұрды. Осындай жағдайдың алдын алу үшін, өткен жылы осы мәселелер бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы департаментіне, ветеринария комитетіне кіріп, өз пікірлерімізді білдірдік.
Біріншіден, басқадай көп ақша болмаса да, субсидияны басты бағытқа жұмсайық, яғни өндірісті реттеп алайық деген мақсатпен селекциялық асылдандыру туралы мәселе көтердік. Асылтұқымды қойға селекциялық асылдандыру жұмысын жүргізуге әр басқа, тиісті құжаттары сәйкес келсе, бір басқа бұрынғы 1500 теңге орнына 2500 теңге субсидия төленетін болды. Бұл қаражат асылтұқымды қой статусын палата арқылы алған соң ғана төленеді. Бұрын қой малының 2374 мың басы, яғни 15 пайызы асылтұқымды болса, бүгінгі Палатаға тіркеліп, асыл тұқым статусын алған қой малы — 300 мың бас, яғни 1,8 пайыз, енді жыл аяғына дейін тағы көп болса 300 мың қой тіркеліп, асылтұқымды қой статусын алар. Алдын ала болжам бойынша 684 мың басқа есептегенбіз, сонда қой малының 3,6 пайызы асылтұқымды болатын шығар деген болжам бар.
Асылтұқымды қой малын өсірудің басты кепілі — қойды қолдан ұрықтандыру. Қойды қолдан ұрықтандыру ғалымдардың ХХ ғасырдағы ғылымның тамаша жетістігі деп баға берілген. Өйткені 600 бас саулыққа 20 қошқар пайдалану қажет болса, қолдан ұрықтандыру кезінде екі қошқар жеткілікті. Екі қошқардың өнімділігі өте жоғары болады, ал 20 қошқардың түгелдей өнімділігі жоғары болуы мүмкін емес.
Екіншіден, қолдан ұрықтандыру өте стерильный жағдайда өтеді, сондықтан қошқар арқылы жұқпалы ауру тарауы мүмкін емес.
Қойды қолдан ұрықтандыру үшін сервистік тұрғыда дистрибьютерлік орталықтар құрылып, Алматы облысында 180 қойды қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс жасап, жылма-жыл 150-200 мың саулықты қолдан ұрықтандырады. Келешекте осындай дистрибьютерлік орталықтар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарынан ашылмақшы. Сондықтан дистрибьютерлік орталықтар асылтұқымды қошқар сатып алса, 30 мың теңге субсидия төленеді. Одан басқа, қой ұрықтандыруға кететін шығынды жергілікті бюджеттен 100 пайыз, пункттің құрал-жабдығының құнының 50 пайызын төлейді.
2017-2021 жылдардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін субсидиялау ережесіне 1 келі биязы жүнге 150 теңге, биязылау жүнге 100 теңге субсидия төленсін деген Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы шықты. Жүн, тері сатып алушылар егер дайындау орталықтарын құрса, сатып алған құрал-жабдықтары белгілі мөлшерде инвест субсидия арқылы субсидияланады. Бірінші кезекте мал басын асылдандыру мәселесі шешіледі. Енді өндірген өнімді өңдеу, сату, қой бордақылау алаңдарын ұйымдастыру, жайылымды суландыру, қойды қырқу, тоғыту сияқты сервистік қызметтерді жолға қоюмен айналысамыз.
Сырға мәселесі де өз шешімін тапты. Өткен жылдан қалған 7500 мың сырға облыстарда бар екен. Биылғы жылдың 17 ақпанында тендер өткізілген. Қалған сырғаны жеткізіп береміз деген ветеринария комитетінің кепілдік хаты бар. Ендігі мәселе малы көп ауылдарға ветпункт салу туралы болып отыр. Бұл жөнінде де тиісті мекемелерде мәселе көтердік.
Малшылардың жайылым ауыстырып, көшіп-қонуына қол байлау болып жүргені — киіз үйдің жоқтығы. Қытайдан әкелген темірден жасалған үйлерде киіз орнына палатка жабылғандықтан, өте қолайсыз, жел соқса желпілдеп, қоқыс дастарқанға түседі. Күндіз ыстық, түнде суық, сондықтан киіз үй шығаруды қайта жолға қою мәселесі қаралып, бір жылда 4000 киіз үй шығарсақ, жүн өнімі өтер еді, малшы қауымның көшіп-қонуына жағдай туар еді. Қазір бір-ақ киізден жасалған киіз үйдің құны 500 мың теңге тұрады. Егер 80 пайызын субсидияласа, 100 мың теңге болады екен. Бұған министрліктегілер қарсы емес. Сол сияқты көшпелі қой қырқу пункттерін, қойды дәрілеу мәселесін жақын арада қарап, шешімін табуына атсалысамыз. Келешекте кезек күттірмейтін мәселелер — осылар.
— Әңгімеңізге көп рақмет!

Сұхбаттасқан —
Нұрила Бектемірова

(75)