Қаражидек пен үйеңкі шәрбаты қосылған тоқаш

Қажетті өнімдер:
– 3 кесе айран;
– 2 ас қасық үйеңкі шәрбаты;
– 150 г сарымай;
– 3 кесе ұн;
– 1 салым мускат жаңғағы;
– 2 шай қасық қамыр қопсытқыш;
– қант 1 шай қасық ас содасы;
– 3 шай қасық тұз;
– 1 кесе қарақат;
– 1 жұмыртқа;

Дайындалуы:

Духовканы 200 градуста қыздырыңыз. Ұнды елеп алыңыз. Қамыр қопсытқыш, тұз, ас содасы және 1 салым мускат жаңғағын қосып, араластырыңыз. Суық сарымайдың бірнеше кесегін қосып, араластырыңыз. Түйіршікті, шашпа қамыр шығуы тиіс. Жеке ыдыста жұмыртқа, үйеңкі шырыны, айран мен қарақатты салып, араластырамыз. Үстелдің бетіне ұн сеуіп, қамырды қалыңдығы 2-3 см болатындай етіп жайыңыз. Дөңгелектер ойыңыз. Қалыңдықтарын біріктіріп, қайта жайыңыз. Тағы да дөңгелектер ойыңыз. Осылайша қамырдың барлығынан дөңгелектер ойыңыз. Противеньге пергамент төсеңіз. Тоқаштарды тізіңіз. Духовкада 15-18 минут пісіріп, жылы күйінде ұсыныңыз. Асыңыз дәмді болсын!

(1)