Күлкі терапиясы (27.07.2017)

Мұғалім оқушыларға сұрақ қойып жатыр…
Мұғалім:
— Дастан, сен есейгенде кім боласың?
Дастан:
— Мен үлкен болғанда бай болам, ақшам көп болады, əйел аламын, сол əйеліме машина, алтын, бриллиант, яхта, вилла алып беремін. Кейін шетелдерге алып барып, саяхат жасатамын.
Мұғалім:
— Бəрекелді, жарайсың! Ал Гүлназ, сен үлкейгенде кім боласың?
Гүлназ:
— Мен үлкейгенде Дастанның əйелі боламын!
***
Мұғалім үй жұмысына жалқаулық туралы шығарма жазып келіңдер деп тапсырма берген болатын. Жалқаулықты кім ең жақсы түрде сипаттаса, жүлде бар дейді. Сыныптағылардың пікірі бойынша бір баланың шығармасы жалқаулықты ең жақсы түрде сипаттады деп қабылданады, бірақ әлгі балаға мұғалім екі қояды. Өйткені ол іші бос парақ өткізген болатын.

(11)