Жұқпалы жедел ішек ауруларынан сақтан!

Алматы қаласындағы Құлагер БМСКК орталығында 12.06 -30.07.2017 ж. 2 айлық жұқпалы жедел ішек ауруларын алдын алу мақсатында Жетісу ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, директордың міндетін атқарушысы У.С.Умарованың басшылығымен орталықта ауқымды жұмыс атқарылды.
Атап айтсақ, салауатты өмір салтын ұстану бөлімі, жұқпалы ауруларды алдын алу бөлімі, ауызбен суландыру бөлімі, жас аналар мектебі, әйелдер консультациясы жұмыстары айлық аясында әдеттегіден екі есе қарқынды жүргізді. Осы жұмыстарды атқару барысында Жетісу ауданы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Р.О Ахметова Құлагер БМСКК орталығының қызметкерлері М.Н.Камзаева, А.Базарбекованың үлестері мол болды. Сонымен қатар, Құлагер ықшам ауданында орналасқан «Сұлтан қорған» балабақшасында дәрігер Р. О.Қадырғалиева семинар-тренинг өткізді.
Мақсаты — жедел ішек инфекциялы ауруының алдын алу.
Жедел ішек инфекциялары — бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру.
Себептері: Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктерден, мәселен, жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдарды пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауызсуды қайнатпай ішкендіктен, лас суға түскендіктен жұғады.
Аурудың алғашқы белгілері:
Іштің жиі-жиі судай өтуі, дене қызуының көтерілуі, баланың емшектен бас тартуы, асқа тәбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретінде қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы.

Д.К.Касимова,
Жетісу аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші
маманы

У.С.Умарова, Құлагер БМСККО директорының м.а.

(63)