Жан-жануарға бай Жетісу жері

Бүкіл саналы ғұмырымыз Жетісу өлкесінде  өтіп келе жатса да, о шеті мен бұ шеті екі күндік қана емес, бір жетілік  сапар болатын  туған еліміздің  жануарлар дүниесін жете білмейтінімізді мойындауымыз керек. Біз бүгін назарларыңызға  Алматы  облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Темірлан Болатұлы Мамиевтің  облыс аумағындағы жануарлар дүниесін қорғау және браконьерлікпен күрес туралы атқарылып жатқан жұмысы жайлы мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Аңшылық фаунаның тұяқты түрлерінің өкілдерінен облыс аумағында маралдар, Сібір тау ешкісі, сібір елігі, қабан бар. Тұяқты жануарлардың Қызыл кітапқа енгізілген түрлері: жайран, түркімен құланы, Тянь-шань тау қойы, тоғай бұғысы, Пржевальский жылқысы бар; жыртқыш аңдардан қар барысы, Тянь-шань қоңыр аюы, Түркістан сілеусіні, тас сусары және т.б.; құстардан бүркіт, ителгі, дуадақ, бірқазан және т.б.

Ұшқан құс, жүгірген аң мекен еткен өлке

Алматы облысының жалпы ауданы 22,4 млн. гектар жерді құрайды, соның ішінде аңшылыққа жарамды жерлердің ауданы 14 млн. 478 мың 160 га тең, аңшылықпен айналысатын қолданушылар атына тіркелген аңшылыққа жарамды жерлердің ауданы — 4 млн. 141 мың 730 га, соның ішінде есептік жылда тіркелгені — 312 мың 661,1 га.
Облыс аумағында жер бетілік омыртқалы жануарлардың 475 түрі немесе Қазақстан фаунасының 57 %-ы өмір сүреді, соның ішінде 353 құс, 88 сүтқоректілер түрі. Омыртқалы жануарлардың 94 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, соның ішінде балықтардың 9 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 2 түрі, құстардың 62 түрі, сүтқоректілердің 19 түрі.
Аңшылық фаунаның тұяқты түрлерінің өкілдерінен облыс аумағында маралдар, Сібір тау ешкісі, сібір елігі, қабан бар. Тұяқты жануарлардың Қызыл кітапқа енгізілген түрлері: жайран, түркімен құланы, Тянь-шань тау қойы, тоғай бұғысы, Пржевальский жылқысы бар; жыртқыш аңдардан қар барысы, Тянь-шань қоңыр аюы, Түркістан сілеусіні, тас сусары және т.б.; құстардан бүркіт, ителгі, дуадақ, бірқазан және т.б.
Өмір сүру ареалында жоғалуы қаупі бар және сирек кездесетін жабайы жануарлар түрлерінің санын арттыру мақсатымен жабайы аңдар мен құстарды асырап, кейіннен табиғатқа жіберу жұмыстары жүргізіледі. Мұндай жұмыстар «Алтын-Емел» МҰТС-да түркімен құланы бойынша, «Қарашеңгел» аңшылық шаруашылығында бұқар бұғысының өмір сүру ареалын қалпына келтіру бойынша, «Сұңқар» тәлімбағында ителгі және жойылу үстіндегі басқа да жыртқыш құстарды асырау бойынша, «Тасмұрын» шаруашылығымен («Табиғат» ЖШС) тоғай бұғысын асырау бойынша және «Бақбақты» аңшылық шаруашылығымен («Аттика» ЖШС) Жетісу қырғауылын асырау бойынша жүргізіледі.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде бұқар бұғысының облыстағы саны 615 басты құрады, бұл осы бұғының әлемдік санының 80% құрайды. «Тасмұрын» аңшылық шаруашылығында («VIP SafariService» ЖШС) жануарларды асыраудың келесідей жануарларды асырау жұмыстары жүргізіледі:
– тоғай бұғысы — қазіргі таңда 15 бас бар;
– қабан — қазіргі таңда 15 бас бар.
«Алтын-Емел» МҰТС-дағы түркімен құланының саны 26 бастан 3254 басқа дейін артқан, сонымен қатар қазіргі таңда құланды басқа аймақтарға оның тарихи өмір сүру аудандарына интродукциялау жұмыстары жүргізілуде, осылайша 2010-2013 жж. аралығында Жамбыл облысы Андасай қорықшасына «Алтын-Емел» МҰТС-нан 150 бас құлан жөнелтілген.
«Сұңқар» тәлімбағымен 1989 ж. бері табиғатқа 635 ителгі, 20 бүркіт жіберілген. Ителгі санының артуы 2289 басты құрады. Дуадақ 24 басты, бүркіт 22 басты (2010-2017 жж. аралығында) құрады.
Мұндай жұмыстардың басты мақсатының біріне жабайы жануарларды көбейтудің жаңа ғылыми әдістемелерін жасау да жатады, осылайша ресми ғылыми нұсқа бойынша, жетісу қырғауылы еркіндікте болмаған жағдайда көбейе алмайды. Бұл мәселеге қатысты жұмыстар «Бақбақты» шаруашылығында («Аттика» ЖШС) жүргізіледі, мұнда соңғы 7 жылдың ішінде аналық құс басы қалыптастырылып, жыл сайын еркінсіздікте алынған Жетісу қырғауылдары табиғатқа жіберіледі.
Осындай іс-шаралардың барлығы Инспекцияның белсенді қатысуымен жүзеге асырылады, біз басқа мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп, оны жануарларды жартылай еркіндікте асырау бойынша тәжірибелік жұмыстармен ұштастыра отырып, жабайы жануарлар санын арттыруға қажетті іс-шараларды қабылдаймыз.
Есептік жылда Инспекциямен тіркелген аңшылыққа жарамды жерлер мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жабайы жануарларды есепке алу жүргізілді. Осылайша таңдамалы бақылау есепке алу 8 аңшылық шаруашылықтары мен екі ұлттық саябақта («Іле-Алатау» МҰТС, «Алтын-Емел» МҰТС) жүргізілді. Сонымен қатар «Охотзоопром» ӨБ РМҚК бірлесе отырып жануарлардың сирек кездесетін және жойылу үстіндегі түрлерін есепке алу жүргізіледі. Осылайша есептік жылда 29 күн ішінде облыс аумағындағы арқар, жайран және құланды әуеден және жер бетімен есепке алу жұмыстары жүзеге асырылды.

Аңшылық шаруашылығы қызметі қатаң бақылауда

Аңшылық шаруашылықтары қызметін басқару жүйесінде «Аңшылық шаруашылығын жүргізу келісімшарттары» маңызды рөл атқарады. Мұнда көрсетілетін тармақтар орындауға міндетті болып келеді, олар орындалмаған жағдайда Келісімшарт бұзылған болып саналады. Көп жағдайда аңшылық шаруашылығын тіркегеннен кейін ғана қолданушы көптеген бұйрықтарға сәйкес айтарлықтай қаражат жұмсай отырып, орнатылған мемлекеттік нормативтер бойынша іс-шаралар жасауға міндеттенетін нақты жағдайға тап болады. Барлық шығындардың басым бөлігін қызметкерлердің жалақысы құрайды, оған барлық шығындардың 70-80% жұмсалады.
Өткен жылда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы №140 және 2016 жылдың 20 мамырындағы № 228 «Жануар әлемін қорғау, қайта жаңғырту және пайдалану саласындағы таңдамалы тексеріс тізімін бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес келісімшарт міндеттемелерін орындау бойынша аңшылық шаруашылықтарда 20 тексеріс жүргізілген. Олардың ішінде 14 таңдамалы тексеріс және 6 жоспардан тыс тексеріс орын алған. Тексеру нәтижесінде 20 акт толтырылып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша 13 ескерту жасалған. Әкімшілік жауапкершілікке аңшылық шаруашылықтың 15 субъектісі тартылып, 1 272 600 теңге сомасында айыппұл салынған.
2016 жылы Алматы облысына келесі тұяқты жануарларды барлау бойынша шектеу қойылған: асылтұқымды бұғы — 240 бас, Сібір тау ешкісі — 290 бас, Сібір елігі — 606 бас, қабан — 472 бас.
Шетел азаматтарының қатысуымен жүргізілген спорттық-әуесқой аңшылық жүргізуден бюджетке түскен қаражат — 18261,81 мың теңгені құраған. Өткен жылы облысқа 154 шетел аңшысы келген.
Шетел аңшылығы 10 аңшылық шаруашылығының және екі МҰТС аумағында жүргізілген. Шетел туристері аңшылық мақсатымен инфрақұрылымы аңшылық шаруашылықтарымен салыстырғанда дамыған Алтын-Емел, Көлсай көлдері сияқты мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарға қызығушылық танытады.
ҚР азаматтарына жабайы жануарларды барлауға арнайы рұқсат беруден бюджетке 9465,039 мың теңге кіріс түскен. Оған ҚР 1340 азаматы қатысқан. Жабайы жануарлардың тұяқты түрлеріне спорттық-әуесқой аңшылық жүргізуден барлығы (шетел және ҚР азаматтары үшін) 27726,849 мың теңге кіріс түскен.
Құстарды аулаудан бюджетке 8330,760 мың теңге кіріс түскен. Осылайша, жануар әлемін пайдаланудан (аң аулау) Алматы облысының бюджетіне барлығы 36057,609 мың теңге түскен.

Балық та басты байлық

Бақылаудағы аумақта республикалық және халықаралық маңызы бар 5 су қоймасы (Балқаш көлі, Қапшағай су қоймасы, Іле өзені, Іле өзенінің атырауы және Алакөл көлдер жүйесі) және жергілікті маңызы бар 57 су қоймасы орналасқан.
Көрсетілген су қоймаларында өнеркәсіптік және әуесқой балық аулаумен балық шаруашылығының 43 субъектісі айналысады.
Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен 2016 жылдың 15 ақпанынан 2017 жылдың 15 ақпанына дейінгі аралықта балық аулаудың 6281,374 тонна көлеміндегі шектеуі орнатылған.
Алматы облысының әкімшілік шекараларында республикалық және халықаралық маңызы бар 129 балық шаруашылығы аймақтары орналасқан, соның ішіндегі жануар әлемін қолданушылар атына тіркелгендері — 99 аймақ.
Қазіргі таңда тіркелмеген 30 балық шаруашылығы аймақтары бар, соның ішінде екі және одан да көп облыс аумағында орналасқаны — 18, бір облыс аумағында орналасқаны — 11.
Балық ресурстарын тиімді пайдалану және балық шаруашылығын кейінгі оңтайландыру мақсатымен Инспекция облыс әкімдігімен бірлесе отырып, Алматы облысы бойынша балық шаруашылығын ірілендіру жұмыстарын жүргізеді.
Алматы облысы бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын барлаудың шектеуі 6281,374 тонна көлемінде орнатылған. 2016 жыл қорытындылары бойынша балық шаруашылығы субъектілерімен 4566,554 тонна балық ауланған, бұл барлаудың 73 %-ын құрайды.
Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органмен жалпы шектеуден 5366,337 тонна көлеміне өнеркәсіптік және әуесқой балық аулау мақсатымен жануар әлемін пайдалануға рұқсат берілген, бұл шектеудің 85%-ын құрайды.

Заң бұзғандар жазаланады

Жүктелген міндеттерді атқару мақсатымен өткен жылы Инспекция 821 рейд пен 156 тексеріс жүргізген. Мұнда табиғат қорғау заңнамасының 813 бұзушылықтары анықталып, 813 әкімшілік хаттама толтырылған, 117 материал сотқа және құқық қорғау органдарына беріліп, 20 қылмыстық іс қозғалған. Атыс қаруының 17 бірлігі, сексеуілдің 7,5 м3, аулау құралдарының 683 бірлігі мен қалқыма құралдардың 24 бірлігі тәркіленген. Әкімшілік жауапкершілікке 812 тұлға, қылмыстық жауапкершілікке 6 тұлға тартылған. Құқық бұзушыларға 13 млн. 123 мың теңге айыппұл салынған, оның 11 млн. 146 мыңы немесе 85 % қайтарылған. Жалпы сомасы 5 млн. 077 мың теңгеге талап қойылып, 4 млн. 993 мың теңгесі немесе 98% өтелген. Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылардан заңсыз ауланған балықтың 40 тоннасы тәркіленіп, тәркіленген балықты сатудан мемлекет бюджетіне 971,7 мың теңге қаражат түскен.
Құқық қорғау органдарымен, жергілікті атқарушы органдарымен, қоғамдық ұйымдар мен табиғат қорғау мекемелерімен өзара әрекет ету жоспарлары бойынша 165 бірлескен рейд жүргізілген, берілген іс-шаралар нәтижесінде 148 құқық бұзушылық тіркеліп, 20 қылмыстық іс қозғалған.
Жануарлар дүниесін қорғау жұмысы одан әрі қолданыстағы заңдар аясында жүргізіле бермекші. Ұшқан құс, жүгірген аңның барлығы адамзатқа берілген табиғаттың шексіз байлығы. Оны қорғау — біздің басты міндетіміз.

 

Нұрила Бектемірова

(126)