mm
Халықаралық "Қазақстан Заман" газетінің тілшілер қосыны бастығының орынбасары. ҚР "Ақпарат саласының үздігі"

АТФ БАНК «АЯЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚАТЫСТЫ

20 шілдеде Астанада №1 балалар ауруханасының аумағында жаңа спорт алаңы салтанатты түрде ашылды. Тиісті жабдықты сатып алуға арналған қаражатты «АТФ Банк» АҚ Private Banking клиенттері «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Балалық шағымның ауласы» жобасы шеңберінде аударған.
Балалар ауруханасына сыйға берілген алаңның құны — 1 086 860 теңге. Онда 4-12 жас аралығындағы балаларға арналған спорттық кешен және қоссырығы бар құрылғы орналасқан.
Жоба емделіп жатқан балалардың жағымды көңіл күйіне жәрдемдесуге және олардың стационардағы емделуі үшін жайлы жағдай жасауға бағытталған.
«АТФ Банктің клиенттері төлемдерінде «қайырымдылық» деген белгіні пайдаланып отырғаны қуанарлық жағдай. Бұл олардың белсенді өмірлік ұстанымын, немқұрайлы еместігін және мейірімділігін көрсетеді. Әрине, балалардың ауруханада болуы — қиын кезең. Сондықтан жаңа ойын алаңы балалардың сүйікті орнына айналып, балалар мекемесі аумағының сәні болады деген сенімдеміз», — дейді «Аяла» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.
Айта кету керек, АТФ Банктің клиенттері «Аяла» қайырымдылық қорының жобаларын бірінші рет қолдап отырған жоқ.
«АТФ Банк «Аяла» қорының жобаларын түсіністікпен қолдайды және осы жобалардың шеңберінде қаражат жинауға жәрдемдеседі. Екі жыл бұрын біз қордың жобаларымен Private Banking клиенттерін таныстыра бастадық және оларға осы мәселедегі белсенді ұстанымына алғыс білдіреміз. «Балалар — біздің болашағымыз» деп қайталаудан шаршамаймын! Әлемде балалардың күлкісі мен олардың бақытынан асқан еш нәрсе жоқ, ал ол үшін, ең алдымен, балалардың дені сау болуға тиіс. Осы күлкіні көбейтуге әрқайсысымыз қабілеттіміз. Жыл сайын игі істерді жасап, қайырымдылық мәдениетін дамытуға үлес қосқысы келетін адамдар көбеюде, бұл — өте қуанарлық жағдай. Таяу арада біздің клиенттеріміз қормен бірлесіп, Қазақстан бойынша кішкентай балалардың сауығып кетуіне ықпал ететін тағы бірнеше балалар алаңының ашылуын өткізеді деген үміттеміз», — деп атап өтті «АТФ Банк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Гүлнар Балахметова.
Бүгінгі күні Қазақстан бойынша балаларға арналған 3 аурухана мен 1 шипажайдың аумағында балаларға арналған алаңдар үшін жабдықты сатып алуға қаражатты жинау жалғасуда. Балалар алаңы қажетті құрал-саймандардың сатып алуына қарай орнатылады.
Спорт алаңының ашылу салтанатына World Class фитнес-клубының белгілі тренері, Жеңіл атлетикадан Спорт шеберіне кандидат Юлия Жукова арнайы шақырылып, балаларға фитнестен шеберлік сабағын өткізді.

Қысқаша мәлімет:
«Аяла» қайырымдылық қоры 2007 жылғы наурызда құрылды. Қор қызметінің негізгі бағыты — денсаулық сақтау және білім беру саласындағы балалар мекемелері: ауруханаларға, емханаларға, перзентханаларға, шипажайларға, сауықтыру орталықтарына, балалар үйлеріне, мектеп-интернаттарға, балабақшаларға көмек көрсету. Қордың миссиясы — Қазақстан Республикасында қайырымдылық дәстүрін және мәдениетін тәрбиелеу.
«АТФ Банк» АҚ (бұдан әрі — Банк) активтердің мөлшері бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің бірі болып табылады. 99,76% мөлшерінде акциялар пакеті бар Банктің негізгі акционері — «KNG Finance» ЖШС. Банк әмбебап саланы дамытады және корпоративтік клиенттерге; бөлшек клиенттерге; шағын және орта бизнес субъектілеріне; Private Banking клиенттеріне банктік қызметтердің бүкіл аясын көрсетеді. Банктің Қазақстанның бүкіл облыстық орталықтарында 17 филиалы және бөлімшелер мен банкоматтардың ауқымды желісі бар.

Бетті дайындағандар: Нағашыбай Қабылбек, Ермұрат Назарұлы

(20)