Шұжық пен қырыққабат салаты

Жаз мезгілінде денсаулыққа пайдалы әрі дәруменге бай тағам түрі —қырыққабат екені белгілі. Көбіне осы асты өзге тағам түрімен қосып, не өзін күнделікті тағам рационыңызға пайдалансаңыз, артықтық етпейді. Бүгін біз жеңіл, тез дайындалатын шұжық пен қырыққабат салатын назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. Ол үшін бізге керегі:
Қырыққабат
200 гр колбаса немесе піскен ет
5 тал аскөк (укроп)
5 тал ақжелкен (петрушка)
100 гр қаймақ
Тұз бен қара бұрыш қалауыңызша.
Дайындау әдісі:
Алдымен қырыққабатты, кейін етті немесе шұжықты, содан соң аскөк пен ақжелкенді де майдалап тураймыз. Барлығын үлкен ыдысқа салып, дәміне қарай тұз, қара бұрышты сеуіп араластырамыз.
Ескерту: шұжықтың өзінің тұзы шығады, сондықтан тұзды аздау салған жөн. Міне, осымен салатымыз да дайын. Асыңыз дәмді болсын!

(15)