ЕурАзияҰУ-ТМД-да ең үздік

Елордалық университет былтырғы жылғы көрсеткіштен едәуір жоғарылаған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Quacquarelli Symonds британдық агенттігінің халықаралық рейтингінде 35-орын иеленіп, ТМД-ның ең үздік жас жоғарғы оқу орны атанды. “QS Top 50 Under 50 рейтингі жылма-жыл жарияланып, негізі қаланғанына 50 жыл толмаған жас университеттерді таңдап алады. Рейтингке академиялық деңгейі, жұмыс берушілер арасындағы беделі, ЖОО қызметкерлері мақалаларының дәйексөз ретінде келтірілуі, шетелдік оқытушылардың саны әсер етеді”, – деп хабарлады Қамшы агенттік. ЕҰУ осы рейтингке кірген Қазақстанның жалғыз университеті. Барлығы 150 ЖОО қамтылған, олардың 50-ден астамы Азияда. Былтыр ЕҰУ 37-ші орынды иеленіп, ТМД елдері арасында көш бастаған болатын.

(0)