Шие мен шоколад қосылған балмұздақ

Құрамы:
1 кесе сүт
2 кесе қаймақ
180 г қант
2 жұмыртқа
100 г шие
100 г қара ащы шоколад
Дайындау әдісі:
Шиені жуып тазалап, сүйегінен ажыратып, тоңазытқышқа қоямыз. Ащы қара шоколадты үккіштен өткізіп, тоңазытқышқа саламыз.
Жұмыртқаны жарып, жақсылап көпіршітіп, қант салып, оған сүт пен қаймақ қосып, қоюланғанша араластырып, арнайы балмұздаққа арналған ыдысқа салып, 2 сағат тоңазытқышқа қоямыз.
2 сағаттан соң шоколад сеуіп, бетіне шиені қоямыз. Консервіленген шие де жарайды. Асыңыз дәмді болсын!

(6)

Бөліс
Алдыңғы мақалаӘйелдер жайлы
Келесі мақаладаКүлкі терапиясы