АУЫЛІШІЛІК СУ ҚҰБЫРЫ

Астана күніне орай Бейнеу ауданының Сарға ауылында су тазалау ғимараты мен ауылішілік су құбырының құрылысы басталды. Мақсат — тұрғындарды тазартылған ауызсумен қамтамасыз ету. Нысан құрылысының құны — 487,583 млн. теңге. Мердігер мекеме — «Сико» ЖШС. Жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылды. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады деп күтілуде. Су құбырының ұзындығы 27,275 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, 200 тұрғын үй сапалы ауызсумен қамтылады.
Сарға ауылының қуанышына ортақтасқан облыс әкімі Ералы Тоғжанов Елбасы Жолдауында ауыл экономикасы мен инфрақұрылымын дамытудағы мемлекеттік саясат аймақтарда заманауи стандарттарға сәйкес тұруға қолайлы жағдай жасау үшін бағытталғанын атап өтті.

(5)