ШОШҚА ЕМГЕН ҚАСҚЫР

Бүгінгі естігенім ең сұмдық әңгіме. Бір ағамыз Лондонға барғанында, бір мосқалдау ағылшын әйелдің қасқырды қарғыбауынан жетелеп жүргенін көріп қалады. Елде қасқыр атып, аң қаққан қазекем, таяп барып, жөн сұраса: «Мен жалғызбасты әйелмін. Қасқырдан энергия алу үшін, зообақтан арнайы келісімшартқа отырып сатып алғанмын», — деген жауапты естиді.
«Қайдағы қасқыр, ағылшынның қолға үйреткені несі?» — дейтін боларсыз… Дүниені билеген ағылшындар сатылатын бөлтірік дүниеге келісімен анасын иіскетпестен, дереу шошқаға емізіп жібереді. Қасқырдың генін тек шошқаның сүті ғана құртады екен. Шошқа емген бөлтірігі өскен соң, чиxаxуа сияқты мең-зең болып, бөрілігін беріп қоятын көрінеді. «Иә, Құдайым, шошқамен дәмдес болудан және шошқа тәріздес дос-жараннан һәм қолға үйретілген қасқырдан сақта!

Олжас Беркінбаев

(16)