Уран банкі ашылатын күн алыс емес

Қазақпарат. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде тіркелген дипломатиялық миссиялар мен xалықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысы «ЕАЭО-ШЫҰ-ЕО» ынтымақтастығын дамыту қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, Президент МАГАТЭ-ның уран банкі ашылатын күнді жариялады. «Ағымдағы жылы 10-11 қыркүйекте Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының алғашқы саммиті өтеді. Дәл осы шарада ислам елдері арасындағы диалогты орнатуға әбден болады. Мен барлық басшыларды шақырдым. Осы мемлекеттердің елшілерінен менің шақыруымды тағы бір мәрте жеткізуді сұраймын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен кездесуде.

(1)