Робототехника бойынша ұлттық чемпионат өтті

3-4 шілде аралығында Астанадағы ЭКСПО Конгресс орталығында мектеп оқушылар арасында «World Robot Olimpiad» деген атаумен робототехникадан республикалық жарыс басталды. Ұлттық чемпионат WRO роботехника бойынша халықаралық кезеңнің іріктеу бөлімі болып есептеледі. Шараның ашылу салтанатына Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, «LEGO Education» компаниясының ТМД бойынша жауапты өкілі, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидинова секілді лауазымды адамдар қатысты.
300 оқушының 200-ден астамы «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» түлектері, 30 оқушы Алматы қаласынан. Алматы қаласы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 «В» сынып оқушысы Еркін Ерхан «робот футбол» сайысына «ақылды» құлтемірімен қатысуға келіпті. «Әлемдік Робот-футбол жарысы бойынша 2 команда өнер көрсетеді. ЭКСПО Конгресс орталығындағы екінші бөлікте, жас жеткіншектер өздері құрастырған құлтемірлерін арасында тұтастай автоматтандырылған киіз үй (күн нұрынан қуат алатын), дәнді дақылдарды тазартатын құрылғы сияқты көптеген өнер табыстары Қазақстанның жаңа технологияларының болашағын әйгілегендей еді. Сандық әлемнің ғаламдық проблемаларын шешу және қазіргі мектеп оқушыларының ойлау жасампаздығын қалыптастыру үшін 12 ел бірлесіп, «World Robot Olimpiad» әлемдік роботтар олимпиадасын құрды. 2013 жылы Назарбаев зияткерлік мектептерінің тобы алғаш рет WRO-ның Джакарта қаласында өткен бүкіләлемдік олимпиадаға қатысып, 2014 жылдан бастап бұл шараны үзбей ұйымдастырып келеді. Осы жолғы жарыстың жеңімпаздары арасынан Ұлттық құрама жасақталып, 2017 жылдың 10-12 қарашасында Коста-Рикада өтетін WRO-2017 халықаралық олимпиадасында ел намысын қорғайтын болады.

Ерқазы Сейтқали

(12)