Алматы қаласы Әуeзов ауданының 2017 жылдың I жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту

Аудан экономикасының басым бағытын қызмет көрсету және сауда саласы құрап отыр (60%-дан аса). Биылғы жылы ауданда «Grand Park Almaty» және «Moskva» сауда орталықтарының екінші кешені, «OBI» неміс гипермаркетінің ашылуы жоспарлануда. Сонымен қатар қызмет көрсету саласында 8 нысан пайдалануға беріледі. Салынған инвестиция көлемі — 14 млрд. теңге, жалпы 3 485 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ауданда 18 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары орналасқан. Қала бойынша өнеркәсіп өнімдерін шығарудың 11,8%-ы Әуезов ауданының үлесіне тиеді. 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп кәсіпорындары 32,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді (2016 жылғы осы уақытпен салыстырғандағы нақты көлем көрсеткіші 103,1 %-ды, бөлшек тауар айналымы 114,0 млрд. теңгені құрады). Ауданда орта және шағын бизнес тұрақты түрде дамуда, аудан бойынша 14 419 кәсіпорын тіркелген, оның 7 940-ы жұмыс жасайтын кәсіпорындар. Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 595,8 млн. теңге көлемінде 6 жоба жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қолдаудың субсидиялау сомасы 119,3 млн. теңгені құрап, 20 жұмыс орны ашылды. Демалыс күндері Н. Сац атындағы театрдың жанында 65 сауда орны бар ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеде Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Іле және Қарасай аудандарының шаруа қожалықтары мен «Алматы азық» ЖШС тұрғындарға өз өнімдерін ұсынады. Аудан аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, заңсыз құрылыстар, оның ішінде жабайы сауда нысандарын жою қолға алынған. Жыл басынан бері 61 заңсыз сауда орындары сүріліп, 449 әкімшілік хаттама толтырылды.

Көріктендіру

Аудан бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы — 255,019 шақырым, жаяу жүргінші жолы — 89,23 шақырым. Сонымен қатар, 6 көлік жолайырығы, 5 жерасты және 5 жерүсті өткел жолдары бар. Аудандағы барлық магистралды көшелер жарықтандырылған. Жарық шамдарының жалпы саны — 10470 дана, электр сымдарының ұзындығы — 366,45 шақырым. Ағымдағы жылы Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Әуезов ауданы бойынша орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр: 1-ші кезең бойынша Қабдолов көшесі — 1483 м; 2-ші кезең бойынша Қойшыманов көшесі — 791 м; 3-ші кезең бойынша Жұбанов көшесі — 587 м және аулааралық жолдар – 1902 м. 7,4 шақырым жаяу жүргінші жолдарын жөндеуге тапсырыс берілді. Қазіргі уақытта «Ақсай-4», «Сайран», «Жетісу-2» және т.б. шағынаудандарда аулааралық жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір Жандосов көшесінде Саин көшесінен «Таусамалы» шағынауданына дейінгі 2,06 шақырым аралыққа күрделі жөндеу жұмыстары (жолды кеңейту, жолдың екі жағына жаяу жүргінші жолын салу, веложол салу және Қарғалы өзеніндегі көпірді қайта қалпына келтіру) жүргізілуде. Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов, Жандосов, Тимирязев көшелерінде БРТ бағдарламасы бойынша жол жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгіндері Өтеген батыр көшесі (1,91 шақырым) мен Жұбанов көшесін (1,53 шақырым) көріктендіру жұмыстарын жүргізу үшін байқау жарияланды. Байқау жеңімпаздары анықталған соң, аталған бағыттағы жұмыстары жүргізілетін болады. Аудандағы арық жүйесінің жалпы ұзындығы — 93,05 шақырым. Қазір ұзындығы 7,5 км құрайтын жаңа арық жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар 4 шағынаудандарда ұзындығы 12,5 шақырым 8 аумаққа арық жүйесіне жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына жалпы ұзындығы 17,6 шақырым арық жүйесіне жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін аудан әкімдігі тарапынан қосымша тапсырыс берілді. Аудандағы санитарлық тазалау жұмыстарына күн сайын 130 дана арнайы техника мен 250 адам тартылады. Аудан аумағында 1872 контейнер орналасқан, 247 контейнер алаңына штабтық тәртіпте қызмет көрсетіледі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Ауданның тұрғын үй қоры 1707 көппәтерлі тұрғын үйден және 6689 жеке тұрғын үйден тұрады. Жалпы аудандағы электр жүйесінің ұзындығы — 921,76 км, қосылған абоненттердің саны — 1924. Ауданның қуат жүйесіне жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылы 28,83 электр жүйесі салынып, қайта жабдықталды. Абоненттер санының артуына қарамастан, жүйелердің жалпы тозу деңгейі 12%-ға төмендеген. Биыл «Аймақтарды дамыту — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 55 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған (20 үйде шатырды жөндеу, 4 үйде кіреберістер мен дәліздерді жөндеу, 31 үйде 66 лифтті ауыстыру). Жалпы сметалық құны — 685 млн. 500 мың теңге. Қазіргі уақытта 9 үйде 19 лифт ауыстырылып, 10 үйде шатырды жөндеу жұмыстары басталды. 523 көпқабатты тұрғын үйде пәтер иелері кооперативтерінің жеке қаржысы есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Биыл 50 ауланың балалар алаңын кешенді жөндеуден өткізу үшін 901 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. 2017 жылы 2,2 шақырым су құбыры жөнделді. Жөндеу жұмыстарының арқасында тозу деңгейі 2%-ға, шығын 9%-ға төмендесе, ауданның қамсыздандырылуы 79%-ды құрады.

Әлеумет және әл-ауқат

Жыл басынан бері Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының аудандық бөліміне 1746 адам келді. Биыл 945 адам жұмысқа тартылды, аумақты дамыту бағдарламасы бойынша 253 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. 2017 жылы 5 айда ауданда 1059 жаңа жұмыс орны ашылды. Зейнетақы және жәрдемақы алушылар саны — 70031 адам, оның ішінде жәрдемақы алушылар саны — 25447, зейнетақы алушылар саны — 44584. ҰОС мүгедектері саны — 27, ҰОС ардагерлері — 53, ЕМҚ — 3705, Ауған соғысына қатысушылар саны — 719. 2017 жылы 45 адамға 649,0 мың теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 354 адамға 3772,6 мың теңге сомасында 18 жасқа дейінгі балалардың жәрдемақысы, 206 адамға 1864,9 мың теңге сомасында тұрғын үй жәрдемақысы төленді. Мүгедектер мен зейнеткерлерге үйінде қызмет көрсету бойынша 5 бөлім 481 жалғызбасты және жалғыз тұратын қарттарға қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда І, ІІ топтағы мүгедектер саны — 5167, ІІІ топтағы мүгедектер саны — 2355, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың саны — 916. Барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтар тегін медициналық көмек кепілдігінің шеңберінде дәрі-дәрмекпен толық қамтылған. Алтын алқа иегерлері — 196 адам, күміс алқа иегерлері — 378, 4 баладан жоғары аналар саны — 1546.

Денсаулық — басты назарда

Әуезов ауданында барлығы 49 медициналық мекеме жұмыс атқарады, олардың ішінде 11-і мемлекеттік мекеме. Мемлекеттік медициналық мекемелердің 5-і алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емхана, 6-ы мемлекеттік стационарлық көмек көрсететін ұйым (перинаталдық орталық, перзентхана, балалар ауруханасы, шипажай және т.б.), 38 жеке медициналық орталық. Есептік мерзім кезінде 2017 жылы сәбилер өлімі бойынша көрсеткіш деңгейі 11,0%-ға төмендеді (былтыр 14,6 %-ға төмендеген). Жыл сайын профилактикалық скринингтік тексеру қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңде анықтау көрсеткішін көтеруге және дер кезінде толық көлемде қажетті медициналық көмек беруге мүмкімдік береді. Әр емханада қабылдауға алдын ала жазылу автоматтандырылған электрондық кезек жүйесі, сенім телефоны жұмыс істейді. 2017 жылдың басынан бері сенім телефоны арқылы 1020 өтініш келіп түсті. Әр медициналық ұйымда интернет-ресурс және пациенттерді қолдау қызметінің жұмысы ұйымдастырылған. Ауданда салауатты өмір салтын насихаттау белсенді жүргізіледі. Осы тақырып аясында 42 мыңнан аса адамды қамтыған 707 шара (акция, ашық есік күндері, денсаулық фестивалі, спартакиадалар) өтті.

Білім шырақтары жарқырайды

Ауданда 40 (32 мемлекеттік және 8 жекеменшік) жалпы білім беретін мекеме бар, онда 41 592 оқушы білім алады. 2016-2017 оқу жылында аудан мектептеріне 7 мыңнан аса бала қабылданды, оның ішінде бірінші сыныпқа қабылданғандары — 5843 бала. 2015 жылмен салыстырғанда бірінші сынып оқушыларының саны 743 балаға артқан.
Осыған қарамай аудан мектептеріндегі оқушы орындарының тапшылығы күшейіп, ол көрсеткіш 9734 орынды көрсетті. 2017 жылы аудандағы мектеп бітірушілердің ҰБТ-дағы орташа балы 97,81 болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,49 балға жоғары. ҰБТ-ға 1360 мектеп бітіруші қатысып, қорытындысы бойынша біздің аудан 2 орынды иемденді. 99 үміткер «Алтын белгі» аттестатын растап, 178 түлек мектепті өте жақсы бітірді. 200-ден аса оқушы қалалық, республикалық және халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды. Оқу пәндері бойынша қалалық олимпиадаға 169 оқшы қатысып, одан 124 оқушысы жүлделі орындарға ие болып, ауданымыз қала бойынша 1 орынды еншіледі. Республикалық олимпиада, соның ішінде математика пәнінен 32 оқушы қатысып, 22 оқушы жүлделі орынға ие болса, халықаралық ғылыми олимпиадалардан, соның ішінде математика, физика, информатика пәндерінен 26 бала жүлдегер атанды. Олимпиадалар қортындысы бойынша ҚТЛ (қыздар, ұлдар) және №175, 130, 153 гимназиялар жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Жағдайы төмен, жетім және көпбалалы отбасынан шыққан 470 бала ауданнан бөлінген қаражатқа тамыз айында «Тау-Жанашыр» жазғы лагеріне жолдама алды. Ауданымызда орналасқан 45 мемлекеттік және 54 жекеменшік балабақшаларда 13890 бала тәрбиеленіп жатыр. 3-6 жас аралығындағы 4177 бала кезекте тұр. Жалпы, 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 78,4%-ға өсті. Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен қамтуды арттыру мақсатында мемлекеттік балабақшалардың жанынан 792 баланы қамтитын 24 балабақша ашылды. Жылдың соңына дейін «Балапан» бағдарламасы бойынша 250 орынды қамтитын 6 балабақшаның ашылуы жоспарлануда.

Жастарды қолдау

Әуезов ауданында 6 жоғары оқу орны және 22 арнайы орта оқу орны бар, онда 27 520 студент білім алуда. 2017 жылы мәдениет саласы және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу бағытында Әуезов ауданында 40-тан аса қоғамдық-мәдени шара өткізіліп, оған 70 мыңнан аса адам (студенттер де) қатысты. Ауданда 6 жастар орталығы (аула клубтары) жұмыс істейді, онда 690 мектеп оқушысы және студенттер әртүрлі спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысады. Тіл саясаты саласында 2017 жылы аудан мекемелерінде 25 мыңнан аса адам қатысқан шығармашылық байқаулар, акциялар, дөңгелек үстелдер және қаланың ғылым саласындағы қызметкерлерімен кездесу сияқты 30-дан аса шара ұйымдастырылды.

Әуeзов ауданы әкімінің аппараты

(31)