Қоғамның рухани жаңғыруына заңнамалық база қажет

Елбасы, Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұртай Әбіқаевты қабылдау барысында осындай пікір айтты. Мемлекет басшысы кездесуде саяси және экономикалық реформаларды іске асыру, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғырту процесінде ел Парламентінің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп: «Біз даму бағдарламаларын қабылдадық. Менің Қазақстан халқына Жолдауымды және экономикалық реформалар мен қоғамның рухани жаңғыруын іске асыру үшін заңнамалық база қажет. Осы жұмысқа белсенді түрде атсалысуға Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз жеткілікті деп сенемін», – деді. Н.Әбіқаев Қазақстан Президентіне елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін Парламент депутаттары алдына қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы баяндады.

(9)