Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі 2018 жылдың қазанында өтеді

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі 2018 жылдың 10-11 қазанында Астана қаласында өтеді. Мұндай шешім бүгін Әлемдік және дәстүрлідіндер көшбасшылары съезі хатшылығының XVI отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мәселен, мен қазан айында өткізуді қолдайтын едім. Өйткені, тамыз бұл демалыс маусымы болғандықтан қыркүйек айының басында съезді өткізуге дайындық шараларына уақыттым аз қалады. Сондықтан да егер сіздер қарсылық білдірмесеңіздер біз 10 және 11 қазанды белгілер едік», деді Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл ұсынысты отырысқа қатысушылар бірауыздан қолдады.

 

(13)