Қауіпсіз деңгей осындай болса, қауіптісі қандай?

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында жасаған баяндамасында: «1-і мамырдағы жағдай бойынша, мемлекеттік қарыз деңгейі жоспарланған межеде тұр. Ол біз үшін қауіпсіз деңгейде сақталған және 12,3 трлн теңгені немесе ЖІӨ-ге шаққанда 24,6 пайызды құрап отыр. 2017 жылдың алғашқы төрт айында, инфляция төмендеп, экономиканың басым салалары өсім көрсетті. Оның үстіне инвестициялық белсенділік артып, халықаралық қор деңгейі өсті. Олардың жыл басындағы көрсеткіші 2,2 пайызға артып, 92,7 млрд теңгені құрады»,— деп мәлімдеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаңтар-сәуір айында ЖІӨ деңгейінің өсімі 3,7 пайызға дейін ұлғайған. Министр сөзін: «Аталмыш көрсеткіштер жыл бойына сақталмауы мүмкін. Себебі, 2016 жылдың алғашқы 5 айында ЖІӨ әрдайым құлдырап келді және 0,2 пайызға дейін жеткен болатын. Сондықтан төмен база эффектісі сақталады. Сол себепті алғашқы жартыжылдықта бұл эффект толықтай таусылуы бек мүмкін және жылдың 2,5 пайыздық өсімге қол жеткізу үшін өсімнің жаңа қорларын іздестіруіміз керек болады»,— деп түйіндеді.

(18)