Төрешілердің сүйіктісі

BoxingScene.com порталының сарапшысы Стивен Эдвард қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль “Канело” Альварестің алдағы жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz.

“Бұл өте қиын жекпе-жек болады. Меніңше, уақыт жағынан “Канело” ұтымды жағдайда, бірақ Головкин жеңіске жетеді. Головкин жарақат алды немесе тағы басқа болды деп ойламаймын. Бірақ ол Мэтью Маклинмен жұдырықтасқан кезіндей өзіне сенімді бола алмайды. Жұрт Головкин Джейкобсты аяды деп есептейді, олай емес. Джейокбс мықты болды”, – дейді сарапшы.

Алайда ол “Канелоны” панчер деп атай алмайтынын мәлімдеді. “Ол жақсы соққы жасауы мүмкін, бірақ ол Джулиан Джексон емес. Төрешілер оған жылы қабақ танытады. Ол өткір, бірақ оның жылдамдығы мен техникасы шын мәніндегі күшіне қарағанда жақсырақ. Альварес Головкинге дәл соққы жасаса, бәрі де мүмкін, алайда бұл оның мықты қыры емес. Головкин “Канелоның” қарсыластарды қателестіріп, соның жазасын беруі жайлы ойлануы тиіс. Алайда “Канелоға” Головкинді нокаутқа түсіру маңызды емес. Ол 12 раундтың жетеуін ұтса болғаны”, – дейді маман.

Мұнымен қатар, ол Алварестің командасы Головкинді өздеріне ыңғайлы уақытта “ұстап алғанын” айтады. “Оның үстіне “Канелоны” қазылар алқасының шешімімен жеңу қиын. Ол әрбір раундында күмәнді басымдыққа ие болып келді. Головкинмене жұдырықтасқанда да осындай басымдыққа ие болатыны сөзсіз”, – деп жазды автор мақаласында.

(40)