Бейжің форумынан кейін ел басшылары не туралы сөйлесті?

Life: «Бейжіңде «Бір белбеу, бір жол» атты форум ұйымдастырылып, оған 29 елдің басшылары қатысты. Яньци көлінің жағасында ұйымдастырылған форумға ел басшыларынан бөлек, БҰҰ, Дүниежүзілік банк, ДСҰ басшылары да жиналды»,— деп жазады.  Қазақстан президенті  Нұрсұлтан Назарбаев форумда алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеп: «ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Еуразияда көне Жібек жолын қайта жаңғырту туралы ұсынысын әлемде экономикалық, гуманитарлық, саяси дағдарыстың күшейе бастаған сәтіндегі уақытылы жауап болды. «Бір белбеу, бір жол» жобасы 4,4 млрд адамға пайдасын тигізер жаңа геоэкономикалық парадигма құрады. Орталық Азия әлемдік ірі нарықтардың арасында басты көпірге айналғалы бері қайтадан стратегиялық маңызға ие болды»,— десе, Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерін жоғары бағалап, Қазақстанды транзит пен жүк тасымалы мәселесіндегі теңдессіз ел атады. Форумнан кейін мемлекет басшылары салтанатты кешкі аста бас қосты. Кеш барысында Қытай, Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан президенттері бір-бірмен қуанышты жүзбен сөйлесіп, бір-біріне бастаған істерін аяқсыз қалдырмауға сөз беріп, 2019 жылы қайта кездесуге келісті.

(24)