Өлім-жітім саны жоғары және жалақысы ең көп елдер

Халықаралық Стратегиялық зерттеу орталығының деректеріне сәйкес, өлім-жітім саны жоғары елдер анықталды. Олардың көшін бастап тұр екен. Бұл елде былтырғы жылы 23 мың адам өлтірілген. 2016 жылы өлтіру мен қыру жайттарының саны бойынша Сириядан кейінгі екінші ел деп Мексика танылыпты. Мексикада көбінесе өлім-жітім есірткі контрабандасына қатысты болатын көрінеді. Онда ең қауіпті штат ретінде Герреро қаласының аты аталады.  Үшінші және төртінші орындарға Ирак пен Ауғанстан жайғасыпты. Бұл елдерде былтырғы жылы тиісінше 17 және 16 мың адам қасақана өлтірілген. Ал, Еуропадағы жалақысы ең жоғары елдердің тізімінде Швейцария көш бастап тұр екен. Швейцарияда жұмысшылардың таза базалық жалақысы рейтингтегі басқа елдермен салыстырғанда шамамен 50 пайызға жоғары деседі. Willis Tower Watson консалтингтік фирмасы жүргізген зерттеуге зер салсақ, швейцариялықтардың айлығы басқа 15 елдегі әріптестерінің табысынан әлдеқайда жоғары екеніне көз жеткізуге болады. Бұл елде еңбек жолын енді ғана бастаған қызметкер мен орта буынды менеджердің өздері көп жалақы алады екен. Жалақы мөлшері қамтылған рейтинг 60 мемлекет пен 50 мамандық түрі бойынша жасалған. Рейтингке сәйкес, Швейцарияда орта буынды қызметкердің орташа таза жалақысы жылына 151 346 еуроны құраған. Бұл тізімде екінші орында 101 764 еуромен Люксембург тұр. Ал мансабын енді ғана бастаған швейцариялықтардың орташа айлығы 82 582 еуроға тең. Екінші орында 54 940 еуромен Дания тұр. Біздің елге бұл жетістік қиял ғана екені-ақ өкінішті…

(45)