Еуропа Шымкент шұлығын киеді

Кезінде 2 млрд теңге көлемінде инвестиция салынып, 2015 жылы Шымкентте ашылған шұлық шығаратын фабриканың бүгінгі таңдағы өндіріс көлемі жылына 16 млн жұп шұлықты құрайды.Компания директоры Асылан Ибадуллаев: «Шымқаладағы шұлық тігетін «Әлем-БТ» фабрикасы Еуропаға өз өнімдерінің 30 пайызын экспорттайды. Еуропа нарығына шығар алдында Kore брендін Кореямен шатастырмауы үшін фабрика ребрендинг жасамақ. Енді бұл бренд Alem-Socks деп аталатын болады. Қазіргі таңда фабриканың Қазақстан нарығындағы үлесі 5-10 пайыз. Өнімнің бір бөлігі Оңтүстік Корея мен Ресейге сатылады. Біз қазір халықаралық сапа сертификатын алғалы отырмыз. Өнімнің 20-30 пайызын Еуропаға содан кейін сатамыз»,— дейді.

(21)