Қытай юаньді неге құнсыздандырды?

Қытайдың қаржы билігі жергілікті экспорттаушыларға берген уәдесінде тұрып, төл валюталарын құнсыздандырды. Бұл туралы Bloomber хабарлайды.

Сәрсенбі күні таңертең сауда нарығында қытай юанінің АҚШ долларына шаққандағы бағамы биылғы көктемдегі ең төменгі межесіне түсті. Елдің Ұлттық банкі капиталдың жылыстауын тоқтату және маусым айында АҚШ долларының нығаюы мүмкіндігінен юаньді сақтандыру мақсатында бақыланатын девальвация жасау туралы шешім қабылдады. 10-ы мамыр күні ҚХР-дың ұлттық валютасының бағамы бір АҚШ доллары үшін 7,12 юаньді құрады. Елдің Ұлттық банкі юаньнің бағамын 6,90-ға дейін әлсіретті. Бұл соңғы екі айдағы ең төменгі көрсеткіш»,— деп хабарлайды. Қытай билігі ел ішіндегі капитал ағынын басқару мақсатында соңғы екі жыл бойы жоспарлы түрде бақыланатын девальвация өткізіп келеді. Мәселен, 2015 жылы юаньнің бір долларға бағамы — 6 пайызға, 2016 жылы — 6,7 пайызға төмендеді. ҚХР-дың 2017 жылы ұлттық валютаны құнсыздандыруы капиталдың жылыстауымен де байланысты орын алды.

(49)