Украиндар ресейліктерді кері қайтарып жіберді

«Украина шекарашылары «Евровидение-2017» ән байқауы үшін Киевке келген ресейліктерді ел территориясына кіргізбей, кері қайтарып жіберді»,— деп хабарлайды ТАСС.

Байқаудың құрметіне Ресейде кеш ұйымдастырған шоу-мен Дмитрий Мельников болса: «Ресейлік фанаттарды украиналық күш құрылымдары Киев әуежайында ренжітіп, қалаға кіргізбей жатыр. Оларды қайта ұшаққа отырғызып, Ресейге кері қайтармақшы. Кем дегенде бес адамды Борисполь әуежайынан шығармай қойыпты. Онда ресейліктерді тамақсыз, сусыз алты сағат ұстаған. Олардың арасында байқау жанкүйерлері мен журналистер бар. Билеттері мен шараға тіркелгендерін растайтын құжаттарын көрсеткендеріне қарамастан, тәртіп сақшыларды оларды әуежай табалдырығынан бір қадам аттатпаған. Тәртіп сақшылары журналистерден тіркелгені туралы бейдж сұраған. Бірақ оны Киевтегі баспасөз орталығында паспортты көрсеткеннен кейін бірақ береді. Кеденшілердің бұл туралы білетіні анық, себебі барлық шетелдік журналистер мен делегаттар тура сондай әдіспен келіп жатыр», -,— десе, украиндық кеденшілер: «Олар Киевке не үшін келгендерін растайтын дәлел келтіре алмады»,— деп ақталуда. Қазір «Евровидение-2017» Киевте өтіп жатыр. Оның ашылу салтанаты 7-і мамырда өтті. Алғашқы жартылай финал 9-ы мамырда болды. Екіншісі 11-і мамырға белгіленген. Байқау финалы 13-і мамырда өтеді. Ресейлік Юлия Самойловаға Украинаға кіруге тыйым салынғандықтан, ол бұл байқауға қатысудан бас тартқан еді.

(43)