mm
Халықаралық "Қазақстан Заман" газетінің тілшілер қосыны бастығының орынбасары. ҚР "Ақпарат саласының үздігі"

Жылына 40 мың адам 10 сотық жер алады-мыс…

Ұлан-байтақ жеріміз болғанымен, ұлтарақтай жерге зәру адамдар көп. Жер туралы дау-дамайдан кейін қазақстандықтарға 10 сотық жер беру туралы сөз айтылғаны белгілі. «Айтылған сөз атылған оқпен тең» демекші, сонда берілген уәде орындалуға бет алғандай. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында 10 сотық жердің кімдерге берілетіндігін атап өтіп: «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үйлер салынып жатыр. Мәселен, Алматы облысында салынатын баспананың 80 пайызы жекеменшік тұрғын үйлер болады. Тізімде 10 сотық жерге тұрғандар өте көп. Сондықтан біз әкімшіліктермен мынадай келісімге келдік: инфрақұрылым салған соң ғана 10 сотық жер беріледі. Инфрақұрылымға жыл сайын бюджеттен ақша беріп жатырмыз. Әрбір облысқа бір жарым миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді», — деді ол. Министрдің сөзіне сенсек, республика бойынша жылына 40 мың адам жер алатын күн таяу.

(25)