Елорданың жаңа жұмыс уақыты кестесі белгіленді

Елорда 1 маусымнан бастап жаңа жұмыс уақыты кестесіне көшеді. Бұл туралы бүгін Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Бекмырза Игенбердинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
365info

«Елорда халқының, соған орай көлік санының жыл сайын өсуіне байланысты, әсіресе қауырт уақыттарда жұмыс уақытын тиімді саралау өзекті болып отыр. Жұмыс уақытын ауыстыру бүкіл әлемде кеңінен таралған және қала көшелеріндегі көлік ағынын төмендетуге бағытталған. Оның оң нәтижелері де бар», – деді ол. Осыған орай оның сөзіне қарағанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында және көрме кезінде елордада көлік саны арта түсетін болады. Ал бұл өз кезегінде қала көшелерде кептелістің көптеп орын алуына түрткі болары анық. «Осыған орай жұмыс уақытын саралау мына экономикалық санаттарға жүргізіледі. Құқық қорғау органдарының, медицина, білім беру ұйымдарының, балабақша, мектептердің жұмыс уақыты бұрынғыша қалдырылады. Құрылыс ұйымдарының жұмыс уақытын сағат 9-дан 7-ге, қаланың коммуналдық қызметтері мен өнеркәсіптік және өндірістік секторларын 9-дан 7-30-ға, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен қаржы институттарын 9-дан 10-ға, сауда, ойын-сауық ұйымдарын 10-нан 10-30-ға, ұлттық компанияларды 9-дан 9-30-ға ауыстыру ұсынылады», – деді Игенбердинов. Сонымен қатар ол республиикалық басқару органдарының, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс уақытын сағат 9-дан 8-30-ға, ал жоғары оқу орындары мен мамандандырылған оқу орындарының жұмыс уақыты 9-ден 10-ға ауыстырылатындығын баса айтты. «Бұл шаралар қарбалас сәтте қала көшелеріндегі көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретін болады. Елорда 1 маусымнан бастап жаңа жұмыс уақыты кестесіне көшеді», – деді басқарма басшысы.

(19)